Ақсу аудандық мәслихатының 2024 жылғы 14 мамырдағы «Ақсу ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» № 29-130 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 24 сәуір 2025 ж.

    Ақсу аудандық мәслихатының 2024 жылғы 14 мамырдағы «Ақсу ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» № 29-130 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Ақсу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Ақсу аудандық мәслихатының 2024 жылғы 14 мамырдағы «Ақсу ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» № 29-130 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 196746 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген шешіммен бекітілген Ақсу ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:

    8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «8. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкімет» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.».

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Ақсу аудандық мәслихатының төрағасы

    Б. Сулейменов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.