Жетісу облысы бойынша 2025 жылдың ІІ тоқсанына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту туралы

    ҚолданыстағыӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Жетісу облысы бойынша 2025 жылдың ІІ тоқсанына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту туралы

    «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 90939 болып тіркелген) сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жетісу облысы бойынша 2025 жылдың ІІ тоқсанына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері бекітілсін.

    2. «Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын барлық қажетті шараларды қабылдасын.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Облыс әкімі

    Б. Исабаев

    Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы «___» _______ №________қаулысына қосымша

    Жетісу облысы бойынша 2025 жылдың ІІ тоқсанына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері

    Тауардың атауы
    Өлшем бірлігі
    ІІ
    тоқсан
    1
    Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын)
    теңге/
    килограмм
    602
    2
    Бірінші сұрыпты бидай ұны
    теңге/
    килограмм
    329
    3
    Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын)
    теңге/
    килограмм
    333
    4
    Бірінші сұрыпты ұннан жасалған бидай наны (пішінді)
    теңге/
    килограмм
    253
    5
    Рожки (өлшеніп салынатын)
    теңге/
    килограмм
    449
    6
    Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі)
    теңге/
    килограмм
    3643
    7
    Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік)
    теңге/
    килограмм
    1761
    8
    Пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада
    теңге/
    литр
    480
    9
    Майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада
    теңге/литр
    473
    10
    Сүзбе: майлылығы 5-9%
    теңге/
    килограмм
    1806
    11
    Тауық жұмыртқасы (I санатты)
    теңге/дана
    693
    12
    Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ)
    теңге/
    килограмм
    5489
    13
    Күнбағыс майы
    теңге/
    литр
    880
    14
    Ақ қауданды қырыққабат
    теңге/
    килограмм
    315
    15
    Басты пияз
    теңге/
    килограмм
    195
    16
    Асханалық сәбіз
    теңге/
    килограмм
    286
    17
    Картоп
    теңге/
    килограмм
    363
    18
    Ақ қант – құмшекер
    теңге/
    килограмм
    516
    19
    Ac тұзы («Экстра» - дан басқа)
    теңге/
    килограмм
    135

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.