«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің (аудандық және аудандық маңызы бар қалалардың) аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасының 2020 жылғы 15 қазандағы № 1-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 20 мамыр 2021 ж.

    «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің (аудандық және аудандық маңызы бар қалалардың) аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасының 2020 жылғы 15 қазандағы № 1-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) ережесінің 19-тармағының 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің (аудандық және аудандық маңызы бар қалаларының) аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының 2020 жылғы 15 қазандағы № 1-НҚ бұйрығына (бұдан әрі – Бұйрық) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    Бұйрыққа 33-қосымшада «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Алматы қаласы Алатау ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі» (бұдан әрі – Ереже):

    8-тармақта:

    «050061» деген индекс нөмірі «050065» деген индекс нөмірімен ауыстырылсын,

    « 24» деген ғимараттың реттік нөмірі «26» болып ауыстырылсын.

    2. Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Алматы қаласы Алатау аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Ережеге енгізілген өзгерістерді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органында мемлекеттік тіркеуден өткізсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ж. Қ. Шалкеновке жүктелсін.

    4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

    Негіздеме: Департаменттің 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 24-22.15-11/2573 хаты.

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық- эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы

    А. Есмағамбетова

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.