Ұлытау ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Ұлытау ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ұлытау ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім
А. Мырзабеков
Ұлытау ауданы әкімінің
2025 жылғы 28
сәуірдегі
№ 2
шешіміне қосымша
Ұлытау ауданы әкімінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Ұлытау ауданы әкімінің «Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» 2015 жылғы 16 сәуірдегі №03 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3175 болып тіркелген).
2. Ұлытау ауданы әкімінің «Жергілікті ауқымда техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы» 2020 жылғы 27 шілдедегі №5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5985 болып тіркелген).
3. Ұлытау ауданы әкімінің «Ұлытау ауданында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы» 2021 жылғы 22 шілдедегі №3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №23752 болып тіркелген).
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.