Инватакси қызметтерін ұсыну үшін объектілер мен межелі пункттердің тізбесін кеңейту туралы
«Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 «Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген, Автомобиль көлігімен мүгедектерді тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларының 31-тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 8950) Абай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Инватакси қызметін ұсыну үшін объектілер мен межелі орындар тізбесін келесі объектілер мен межелі орындар тізбесімен кеңейту:
«Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Қарағанды қаласы);
Қарағанды қаласының медициналық мекемелері (жедел (шұғыл) медициналық көмек көрсету жағдайларын қоспағанда);
Қарағанды қаласының әуежайы мен теміржол вокзалдары мен автовокзалдары;
Қарағанды қаласының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдары;
Қарағанды облысы білім басқармасының «Аутизмі бар балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Қарағанды қаласы);
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Зағип және нашар көретіндер мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны (Қарағанды қаласы);
Қарағанды қаласының мәдениет және спорт объектілері (мәдениет үйі, Шахтер стадионы, «Серік Сәпиев атындағы Бокс орталығы»);
Қарағанды облысы білім басқармасының «№ 9 арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Саран қаласы);
«№6 Қарағанды облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Шахтинск қаласы);
мүгедектігі бар адамның жұмыс орны (Қарағанды қаласы);
мүгедектігі бар адамдардың оқу орындары (Қарағанды қаласы).
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай ауданының әкімі
С. Оспанов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.