Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 13 тамыздағы №205 «Сатып алынатын ауыл шаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 13 тамыздағы №205 «Сатып алынатын ауыл шаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5767 тіркелген) қаулысына келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сатып алынатын ауыл шаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.Ш. Айтмұхамбетовке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Н. Төреғалиев
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2025 жылғы ____ № ___
қаулысына қосымша
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2019 жылғы 13 тамыздағы
№205 қаулысымен бектілген
Сатып алынатын ауыл шаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі
|
№
|
Ауыл шаруашылық өнімінің атауы
|
Тереңдете өңделген өнімнің атауы
|
Шикізатқа қайта есептелген субсидиялар нормативі, теңге/килограмм
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
|
1.
|
Сүт
|
Сары май
|
34,0
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.