«Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаЖарлық
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 25 сәуір 2025 ж.

    Қазақстан Республикасының

    Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң

    жинағында жариялануға тиiс

    «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

    1. «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы ережеде:

    15-тармақ мынадай мазмұндағы 25-1) тармақшамен толықтырылсын:

    «25-1) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын келісу;»;

    19-тармақта:

    мынадай мазмұндағы 32-1) және 32-2) тармақшалармен толықтырылсын:

    «32-1) прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттауды өткізу тәртібін, кезеңдерін және мерзімдерін айқындайды;

    32-2) қатардағы, кiшi, орта, аға және жоғары басшы құрамдағы адамдар орналасуға жататын лауазымдарды және осы лауазымдарға сәйкес келетiн арнаулы атақтарды немесе сыныптық шендердi айқындайды;»;

    37) тармақшада:

    он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

    «қызметке кандидаттың кәсіптік құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу тәртібі мен әдістерін;»;

    он екінші, жиырмасыншы және жиырма екінші абзацтар алып тасталсын;

    мынадай мазмұндағы жиырма сегізінші абзацпен толықтырылсын:

    «құқық қорғау органдарының басшыларымен бірлесіп, психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеу жүргізудің тәртібі мен әдістерін;».

    2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Президенті

    Қ. Тоқаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.