Приозерск қаласының әкімдігінің 2022 жылғы 5 шілдедегі № 24/183 «Приозерск қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 25 сәуір 2025 ж.

    Приозерск қаласының әкімдігінің 2022 жылғы 5 шілдедегі № 24/183 «Приозерск қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Приозерск қаласының әкімдігінің «Приозерск қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» 2022 жылғы 5 шілдедегі № 24/183 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28753 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

    кіріспе келесі редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».

    2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Приозерск қаласының әкімі

    М. Ахметов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.