Инватакси қызметін алушылар санатын кеңейту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 23 сәуір 2025 ж.

    Инватакси қызметін алушылар санатын кеңейту туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, «Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушысының 2013 жылғы 1 қарашадағы №859 бұйрығымен бекітілген, Автомобиль көлiгiмен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидаларының 31 тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8950 болып тіркелген) сәйкес Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Приозерск қаласының аумағында инватакси қызметіттерін алушылардың санаттары келесі тұлғалардың санаттарымен кеңейтілсін:

    1) тірек-қимыл аппараты бұзылған бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;

    2) тірек-қимыл аппараты бұзылған 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар;

    3) 18 жасқа дейінгі ақыл-ой бұзылуы бар балалар;

    4) 18 жастан асқан ақыл-ой бұзылуы бар адамдар.

    2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Приозерск қаласының әкімі

    М. Ахметов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.