Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы, 2-тармағының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Түркістан қалалық аумақтық инспекциясының 2025 жылғы 16 сәуірдегі №08-02-07/238 санды ұсыныс хатына сәйкес, Түркістан қаласының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қазақстан Республикасы АШМ ВБжҚК «Республикалық Ветеринариялық Зертхана» ШЖҚ РМК ОҚӨФ-ның 16.04.2025 жылғы SO-25-X14(01)-0301/Х-413-А-Е сараптама актісінің қорытындысына сәйкес, Түркістан қаласы, Ж.Усманов №18 мекен-жайынан «құтыру» ауруының «оң» нәтижесі анықталуына байланысты, Түркістан қаласы Ж. Усманов көшесіне шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Т.Төлегеновке жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
Қала әкімі
Ә. Пазылбекұлы
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.