Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 181 «Қостанай облысының ауыз сумен жабдықтау көздерiнiң санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 181 «Қостанай облысының ауыз сумен жабдықтау көздерiнiң санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы

    Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қостанай облысы әкімдігінің «Қостанай облысының ауыз сумен жабдықтау көздерiнiң санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы» 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 181 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27893 болып тіркелген) келесі толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген қаулының 1-қосымшасы:

    келесі мазмұндағы реттік нөмірлері 65-1, 65-2, 65-3, 65-4, 65-5, 65-6, 65-7 жолдарымен толықтырылсын:

    «

    65-1
    Надеждинка ауылының № 2203 су жинау ұңғымасы
    Радиусы – әр ұңғыманың айналасында 50 метр
    0,958 гектар
    Радиусы – 400 метр
    28,312 гектар
    Радиусы – 500 метр
    42,6136 гектар
    65-2
    Надеждинка ауылының № 2204 су жинау ұңғымасы
    65-3
    Садчиков ауылының № 1Р су жинау ұңғымасы
    Радиусы – 25 метр
    0,4269 гектар
    Радиусы – 400 метр
    54,0162 гектар
    Радиусы – 400 метр
    54,0162 гектар
    65-4
    Садчиков ауылының № 1Э су жинау ұңғымасы
    65-5
    Садчиков ауылының № 2Э су жинау ұңғымасы
    Радиусы – 25 метр
    0,2358 гектар
    Радиусы – 400 метр
    50,8432 гектар
    Радиусы – 400 метр
    50,8432 гектар
    65-6
    Александровка ауылындағы № 2201 су жинау ұңғымасы
    Радиусы – 46 метр қолданыстағы қоршау бойынша
    1,0811 гектар
    Радиусы – 206 метр
    13,9294 гектар
    Радиусы 855-1030 метр
    324,660 гектар
    65-7
    Александровка ауылындағы № 2201 су жинау ұңғымасы

    ».

    2. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қостанай облысының әкімі

    К. Аксакалов

    Келісілді

    «Қазақстан Республикасы

    Денсаулық сақтау министрлігі

    Санитариялық-эпидемиологиялық

    бақылау комитетінің Қостанай

    облысының санитариялық-

    эпидемиологиялық бақылау

    департаменті» республикалық

    мемлекеттік мекемесі

    Келісілді

    «Қазақстан Республикасы

    Су ресурстары және ирригация

    министрлігі Су шаруашылығы

    комитетінің Су ресурстарын

    пайдалануды реттеу және

    қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай

    бассейндік инспекциясы»

    республикалық

    мемлекеттік мекемесі

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.