Астрахан ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшерін айқындау туралы

    ЖаңаЖергілікті билік органдарының бірлескен актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 16 сәуір 2025 ж.

    Астрахан ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшерін айқындау туралы

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабының 2-1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6, 31-баптарына сәйкес, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Осы бірлескен қаулының және шешімнің қосымшасына сәйкес Астрахан ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшері айқындалсын.

    2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Астрахан ауданының әкімі

    Т.Ерсеитов

    Астрахан аудандық мәслихатының төрағасы

    М.Қожахмет

    Бірлескен Астрахан ауданы әкімдігінің

    2025 жылғы 16 сәуірдегі

    № А-4/105 қаулысына және

    Астрахан аудандық мәслихатының

    2025 жылғы 16 сәуірдегі

    № 8С-35-2 шешіміне қосымша

    Астрахан ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшері

    Ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы, гектар
    Оның ішінде
    егістік
    шабындықтар
    жайылымдар
    Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін
    4200
    3000
    225
    975
    Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін
    28000
    20000
    1500
    6500

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.