Қостанай облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 18 сәуір 2025 ж.

    Қостанай облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Қостанай облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы

    С. Ещанов

    Мәслихаттың

    2025 жылғы 18 сәуірдегі

    № 213 шешіміне

    қосымша

    Қостанай облыстық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

    1. Қостанай облысы мәслихатының «Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелерінің артуы туралы» 2018 жылғы 2 наурыздағы № 245 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7622 болып тіркелген).

    2. Қостанай облысы мәслихатының «Мәслихаттың 2018 жылғы 2 наурыздағы № 245 «Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 452 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8828 болып тіркелген).

    3. Қостанай облысы мәслихатының «Мәслихаттың 2018 жылғы 2 наурыздағы № 245 «Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 171 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27713 болып тіркелген).

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.