«Шығыс Қазақстан облысы азаматтарының жеке меншігінде болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерін белгілеу туралы» бірлескен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 12 мамырдағы № 100 қаулысы мен Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 31 мамырдағы № 3/23-VIII шешіміне толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаЖергілікті билік органдарының бірлескен актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 3 сәуір 2025 ж.

    «Шығыс Қазақстан облысы азаматтарының жеке меншігінде болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерін белгілеу туралы» бірлескен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 12 мамырдағы № 100 қаулысы мен Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 31 мамырдағы № 3/23-VIII шешіміне толықтырулар енгізу туралы

    Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Шығыс Қазақстан облысы азаматтарының жеке меншігінде болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерін белгілеу туралы» бірлескен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 12 мамырдағы № 100 қаулысы мен Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 31 мамырдағы № 3/23-VIII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттк тіркеу тізілімінде № 8859-16 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген бірлескен қаулы және шешімге қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 12 және 13-жолдармен толықтырылсын:

    12
    Марқакөл
    0,20
    0,15
    1,0
    0,30
    13
    Үлкен Нарын
    0,20
    0,20
    0,50
    0,30
    2. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Шығыс Қазақстан облысы әкімі

    Н. Сактаганов

    Д. Рыпаков

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.