Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 11 сәуір 2025 ж.
Қызылорда облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 3) тармақшасына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Жосалы ауылдық округінің Сарытоғай разъезд елді мекені таратылып, Жосалы ауылдық округінің Жосалы ауылының құрамына енгізілсін.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі
Н. Налибаев
Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы
М. Тлеумбетов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.