«Транснефть-Урал» акционерлік қоғамына шектеулі нысаналы пайдалану құқығын (қауымдық сервитут) белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17 бабының 5-1) тармақшасына, 69 бабының 4 тармағы 2-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабының 10) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Транснефть-Урал» акционерлік қоғамына, меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Петерфельд ауылдық округінде мұнай өнімдері құбырын қайта құру үшін қосымшаға сәйкес жалпы көлемі 1,1331 гектар жер учаскесіне 3 жыл мерзімге шектеулі нысаналы пайдалану құқығын (қауымдық сервитут) белгіленсін.
Жер учаскесі бөлінетін болып табылады. Жер учаскесі «КазТрансОйл» АҚ ЭБЖ, кадастрлық нөмірі 15-220-068-068, «Транснефть-Урал» АҚ «Уфа-Омск», «Уфа-Петропавловск» ММӨҚ қорғау аймағын кесіп өтеді.
2. «Қызылжар аудандық жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімі
С. Сәдуақасов
Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 11 сәуірдегі № 91
қаулысына қосымша
«Транснефть-Урал» акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
|
№
|
Кадастрлық нөмірі
|
Жер пайдаланушылардың атауы
|
алаңы, га
|
оның ішінде алқаптары бойынша:
|
жерлер санаты
|
|
|
егістік
|
басқа жерлер
|
|||||
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
|
Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданы
Петерфельд ауылдық округі
|
||||||
|
1
|
15-220-005-096
|
«Петро-Север» ЖШС
|
0,0444
|
0,0444
|
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер
|
|
|
2
|
15-220-005-156
|
«Петерфельд-Агро» ЖШС
|
0,4612
|
0,2075
|
0,2537
|
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер
|
|
3
|
15-220-005-085
|
Нұрлан Еркінұлы Қожахметов шаруа қожалығы
|
0,1898
|
0,1898
|
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер
|
|
|
4
|
15-220-005-126
|
«Якорь-СК» ЖШС
|
0,4377
|
0,1970
|
0,2407
|
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер
|
|
Барлығы:
|
1,1331
|
0,6387
|
0,4944
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.