Алакөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 3 сәуірдегі «Алакөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» № 27-1 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Алакөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алакөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 3 сәуірдегі «Алакөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» № 27-1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 195308 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Алакөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкімет» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.»
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алакөл аудандық мәслихат төрағасы
Д. Каримов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.