«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата - ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 12 сәуірдегі № 51 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 8 сәуір 2025 ж.

    «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 12 сәуірдегі № 51 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 12 сәуірдегі № 51 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27659 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген қаулыға 1, 2 қосымшалар осы қаулыға 1, 2 қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

    Маңғыстау облысының әкімі

    Н. Қилыбай

    Маңғыстау облысы әкімдігінің

    2025 жылғы «08» сәуірдегі

    № 90 қаулысына

    1 қосымша

    Маңғыстау облысы әкімдігінің

    2022 жылғы «12» сәуірдегі

    № 51 қаулысына

    1 қосымша

    Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

    Елді мекен
    Тәрбиеленушілер саны
    Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрлері және айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)
    10,5 сағаттық болу режимі бар топтар, оның ішінде шағын орталықтар
    10,5 сағаттық болу режимі бар түзету топтары
    10,5 сағаттық болу режимі бар туберкулез интоксикациясы бар балалар топтары
    Ауыл
    26 052
    70 625
    129 884
    107 093
    Қала
    23 463
    62 775
    113 530
    94 009

    Маңғыстау облысы әкімдігінің

    2025 жылғы «08» сәуірдегі

    № 90 қаулысына

    2 қосымша

    Маңғыстау облысы әкімдігінің

    2022 жылғы «12» сәуірдегі

    № 51 қаулысына

    2 қосымша

    Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері

    Елді мекеннің атауы
    Тәрбиеленушілер саны
    Бір күнге ата-ана төлемақысының мөлшері 3 жасқа дейін (теңге)
    Бір күнге ата-ана төлемақысының мөлшері 3 жастан бастап (теңге)
    Ақтау қаласы
    20 240
    754,60
    847,04
    Жаңаөзен қаласы
    8 757
    663,3
    806,05
    Бейнеу ауданы
    2 917
    722,78
    847,78
    Қарақия ауданы
    2 027
    833,69
    990,90
    Маңғыстау ауданы
    2 245
    688,92
    868,92
    Мұнайлы ауданы
    10 185
    715,40
    855,95
    Түпқараған ауданы
    3 144
    722,78
    847,78

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.