«Жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгілеу туралы» Самар ауданы мәслихатының 2024 жылғы 25 қарашадағы № 16-2/VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 8 сәуір 2025 ж.

    «Жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгілеу туралы» Самар ауданы мәслихатының 2024 жылғы 25 қарашадағы № 16-2/VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Самар ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгілеу туралы» Самар ауданы мәслихатының 2024 жылғы 25 қарашадағы № 16-2/VIII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9111-16 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген шешімінің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

    «1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Самар ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, бюджет қаражаты есебінен қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленсін.».

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Самар ауданы мәслихатының төрағасы

    Г. Шаймарданова

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.