«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 14 сәуір 2025 ж.

    «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:

    16-тармақта:

    165) тармақша алып тасталсын;

    168) тармақша алып тасталсын;

    мынадай мазмұндағы 171-1) және 171-2) тармақшалармен толықтырылсын:

    «171-1) азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу тәртібін, кезеңдерін және мерзімдерін бекітеді;

    171-2) психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеу жүргізудің тәртібі мен әдістерін құқық қорғау органдарының басшыларымен бірлесіп бекітеді;»;

    175-8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «175-8) азаматтық қорғау органдарына қызметке кандидаттың кәсіптік құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу тәртібі мен әдістерін бекітеді;».

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.