«Атырау қаласы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы»Атырау қаласы әкімінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № 37 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Атырау қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Атырау қаласы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Атырау қаласы әкімінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № 37 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4790 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
қосымшада:
Атырау қаласы аумағындағы сайлау учаскелерінде:
63-жолдың «Сайлау учаскесінің орналасқан орны» бағаны келесі редакцияда мазмұндалсын:
«Атырау қаласы, Балықшы шағын ауданы, Айнаш Байжігітова көшесі, 86 Ақұрылыс «Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты».
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау «Атырау қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Кадралиевке жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін қолданыста болады.
Атырау қаласының әкімі
Ш. Кейкин
«КЕЛІСІЛДІ»
Атырау қалалық аумақтық
сайлау комиссиясы
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.