Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесінің техникалық құралдары тиесілілігінің заттай нормаларын бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 10 сәуір 2025 ж.

    Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесінің техникалық құралдары тиесілілігінің заттай нормаларын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесінің техникалық құралдары тиесілілігінің заттай нормалары бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 584 «Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесінің техникалық құралдары тиесілілігінің заттай нормаларын бекіту туралы» бұйрығығының күші жойылсын.

    3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс департаменті:

    1) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

    5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Министр генерал-майор

    Ш. Әрінов

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    Төтенше жағдайлар министрінің

    2025 жылғы «___»________

    № ___ бұйрығымен

    бекітілген

    Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесінің техникалық құралдары тиесілілігінің заттай нормалары

    № 1 норма. Құлақтандырудың техникалық құралдары кешендерінің тиесілілігі

    Р/с №
    Нор­ма­ның ата­уы
    Өл­шем бір­лі­гі
    Рес­пуб­ли­ка­лық дең­гей
    Аста­на, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар, об­лыс ор­та­лық­та­ры
    Об­лы­стық ба­ғы­ны­с­та­ғы қа­ла­лар, аудан ор­та­лық­та­ры
    Кент­тер, ауыл­дар
    Объ­ек­ті­лік дең­гей (жер­гі­лік­ті құ­лақ­тан­ды­ру жүй­е­сі)
    Қыз­мет мер­зі­мі
    1
    Құ­лақ­тан­ды­ру жүй­е­сін бас­қа­ру пуль­ті (ха­лық­ты құ­лақ­тан­ды­ру­дың соң­ғы құ­рал­да­рын іс­ке қо­су және мо­ни­то­рин­гі­леу ап­па­ра­ту­ра­сы)
    жиын­тық
    2
    3
    2
    1
    1
    12 жыл
    2
    Те­ле-, ра­дио­ха­бар­лар­ды қар­маудың тех­ни­ка­лық құ­рал­да­ры­ның ке­ше­ні
    жиын­тық
    1
    1
    1
    12 жыл
    3
    Або­нент­тер­ді цир­ку­ляр­лық ша­қы­ру­дың ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­ше­ні
    жиын­тық
    2
    3
    2
    1
    12 жыл
    4
    GSM ар­на­ла­ры бой­ын­ша CellBroadcast тех­но­ло­ги­я­сы ар­қы­лы та­ра­ту ауқы­мы кең мәт­ін­дік ха­бар­ла­ма­лар­ды та­ра­та­тын тех­ни­ка­лық құ­рал­дар ке­ше­ні
    жиын­тық
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да жұ­мыс іс­тей­тін әр­бір ұя­лы бай­ла­ныс опе­ра­то­ры­на 1 жиын­тық
    7 жыл
    Құлақтандырудың техникалық құралдары кешендері талап етілетін көлемдерінің ұсынылған есептеулері үлгілік болып табылады және қолданылатын жабдықты өндірушілердің модельдеріне, қосу схемаларына және басқару тәсілдеріне тәуелді емес.

    № 2 норма. Халықты құлақтандырудың соңғы құрылғыларының тиесілілігі

    Р/с №
    Әкімшілік-аумақтық құрылыс
    Өлшем бірлігі
    Халықты құлақтандырудың соңғы құрылғыларының нормативтік тиесілілігі
    Қызмет мерзімі
    1
    Қалалық көп қабатты құрылыс (9 қабат және одан жоғары)
    жиынтық
    500 м радиуста құлақтандыру үшін (ауданы 0,8 км²) 1 сиреналық-сөйлеу құрылғысы
    12 жыл
    2
    Қалалық орта қабатты құрылыс (5-тен 9 қабатқа дейін)
    жиынтық
    800 м радиуста құлақтандыру үшін (ауданы 2 км²) 1 сиреналық-сөйлеу құрылғысы
    12 жыл
    3
    Қалалық аз қабатты және ауылдық құрылыс (1-3 қабатты үйлер, 5 қабатқа дейін)
    жиынтық
    1300 м радиуста құлақтандыру үшін (ауданы 5,3 км²) 1 сиреналық-сөйлеу құрылғысы
    12 жыл
    Халықты құлақтандырудың соңғы құрылғыларының талап етілетін көлемдерінің есептеулері (қуаты 600 Вт–тан кем емес) үлгілік болып табылады және қолданылатын жабдықтың өндірушісінің моделіне, қосу схемаларына және басқару тәсілдеріне тәуелді емес.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.