Сарқан аудандық мәслихатының 2024 жылғы 16 сәуірдегі «Сарқан ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» № 23-96 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 7 сәуір 2025 ж.

    Сарқан аудандық мәслихатының 2024 жылғы 16 сәуірдегі «Сарқан ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» № 23-96 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Сарқан аудандық мәслихатының 2024 жылғы 16 сәуірдегі «Сарқан ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» № 23-96 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 195892 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген шешіммен бекітілген Сарқан ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:

    8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «8. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкімет» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.»

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Сарқан аудандық мәслихатының төрағасы

    М. Разбеков

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.