2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 7 сәуір 2025 ж.

    2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы

    «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 5-14) тармақшасына және «Акваөсіру (балық өсіру) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 168077 болып тіркелген) сәйкес, Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері бекітілсін.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Жетісу облысының әкімі

    Б. Исабаев

    "КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

    Жетісу облысы әкімдігінің

    2025 жылғы 7 сәуірдегі № 100

    қаулысына қосымша

    2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері

    Субсидиялау түрлері
    Өлшем бірлігі (килограмм, дана)
    Субсидияланатын көлем
    (теңге)
    Субсидиялар сомасы
    (мың теңге)
    1
    2
    3
    4
    5
    1.
    Балық азықтарына тиесілі субсидиялар:
    1.1
    Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары
    121820 килограмм
    105
    12791,0
    1.2
    Албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандары
    25425 килограмм
    270
    6865,0
    2.
    Тұқы, албырт тұқымдас балықтар және олардың будандары үшін балық отырғызу материалын сатып алуға субсидиялар:
    2.1
    Тұқы тұқымдас шабағы 30 граммға дейін 1 (бір) дана
    276000 дана
    25
    6900,0
    2.2
    Албырт тұқымдас ұрықтанған 1 (бір) дана уылдырық
    500000 дана
    6
    3000,0
    2.3
    Албырт тұқымдас шабағы 10 граммға дейін 1 (бір) дана
    272200 дана
    20
    5444,0
    3.
    Балық өсіру-билогиялық негіздемені сатып алу шығыстарын субсидиялау
    6 дана
    500000
    3000,0
    4.
    Дәрілік препарттарды сатып алу шығыстарын субсидиялау
    25 дана
    80000
    2000,0
    Барлығы
    40000,0

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.