Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

    Күші жойылғанӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» № 756 қаулысына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32469 болып тіркелген), Теміртау қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Қарағанды облысының Теміртау қаласында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

    2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Ринат Куатұлы Кыдырбековке тағайындалсын.

    3. Теміртау қаласы әкімінің орынбасары - төтенше жағдайды жою басшысы Ринат Куатұлы Кыдырбеков осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

    4. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.

    5. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 4 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

    Ғ.Әшімов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.