«QAZAQGAZAIMAQ» акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 19 наурыз 2025 ж.

    «QAZAQGAZAIMAQ» акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 19, 69 – баптарына сәйкес, Рахат ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Кендірлі ауылынан орташа және төменгі қысымдағы газ құбырын орналастыру және пайдалану үшін жалпы көлемі 1,5419 гектар жер учаскесі «QAZAQGAZAIMAQ» акционерлік қоғамына (БСН: 020440001144) меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 10 (он) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

    2. "Рахат ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бас маманы А. Турарова) заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануға жіберуді;

    2) осы шешімнің оны ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Жаңаөзен қаласы әкімдігінің интернет – ресурстарына орналастыруын қамтамасыз етсін.

    3. Осы шешімнің орындалысын бақылау Рахат ауылы әкімінің орынбасары Қ. Табанбаевқа жүктелсін.

    4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Әкім

    Р. Сырымов

    Рахат ауылы әкімінің

    2025 жылғы «19» наурыздағы

    № 54 шешіміне қосымша

                    Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізімі

    Жер учаскелері берілетін жердегі жер пайдаланушылардың атаулары мен жер санаттары
    Қауымдық сервитут белгілеу көлемі, гектар
    1
    Жаңаөзен қаласы, Кендірлі ауылы, Жұлдыз шағынауданына төменгі қысымды газ құбырын орналастыру және пайдалану үшін
    1,5052
    2
    Жаңаөзен қаласы, Кендірлі ауылы, Жұлдыз шағынауданына орташа қысымды газ құбырын орналастыру және пайдалану үшін
    0,0367
          Барлығы:
    1,5419

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.