Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 2 сәуір 2025 ж.

    Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 1-тармағы 5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағы 2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, өтініш негізінде, Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Рудный қаласы, автовокзал ауданы мекенжайы бойында «Рудный қаласындағы автовокзал ауданына кіреберіс жолдар салу және 1200 орындық мектепті абаттандыру» жобасы бойынша кіреберіс жолдар салу және абаттандыру мақсатында көлемі 0,6467 га жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

    2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Рудный қаласының әкімі

    В. Ионенко

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.