Абай ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Абай ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) 2020 жылғы 19 наурыздағы № 14/01 «Пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5754 болып тіркелген);
2) 2004 жылғы 6 қаңтардағы № 01/03 «Абай ауданы әкiмиятының кейбiр қаулыларына әлеуметтiк қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзгертулер енгiзу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №1383 болып тіркелген).
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай ауданының әкімі
С. Оспанов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.