Екібастұз қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 9 сәуірдегі «Екібастұз қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың барлық маршруттары үшін бірыңғай тарифті белгілеу туралы» № 234/4 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 7 сәуір 2025 ж.

    Екібастұз қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 9 сәуірдегі «Екібастұз қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың барлық маршруттары үшін бірыңғай тарифті белгілеу туралы» № 234/4 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының « Құқықтық актілер туралы » Заңының 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 9 сәуірдегі «Екібастұз қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың барлық маршруттары үшін бірыңғай тарифті белгілеу туралы» № 234/4 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 7264 болып тіркелген).

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Екібастұз қаласының әкімі

    А. Бейсекин

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.