Реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 2 шілде 2025 ж.

    Реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы

    «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 32) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Тарифтік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а.

    Н. Алдамжаров

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    Су ресурстары және ирригация

    министрінің м.а.

    2025 жылғы 4 сәуірдегі

    № 54-НҚ бұйрығымен

    бекітілген

    Реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесі

    1. Сумен жабдықтау саласында:

    1) суды каналдар арқылы беру;

    1-1) суару үшін су беру;

    2) тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.