Хромтау ауданы әкімінің 2024 жылғы 8 ақпандағы № 1 «Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» шешімінің күшін жою туралы.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, « Азаматтық қорғаныс туралы » Қазақстан Республикасы Заңының 57 бабына және 2025 жылғы 31 наурыздағы Хромтау ауданы әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жөніндегі жоспардан тыс комиссия отырысының № 2 хаттамасына сәйкес, ШЕШТІМ:
1. Хромтау ауданы әкімінің 2024 жылғы 8 ақпандағы № 1 «Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» шешімінің күші жойылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын қадағалауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Н. Тлеумұратов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.