Қауымдық сервитут белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 5 наурыз 2025 ж.

    Қауымдық сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Транснефть-Урал» акционерлік қоғамына 3 жыл мерзімге мұнай құбырын реконструкциялау үшін Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Мамлютка қаласының аумағында орналасқан жалпы ауданы 0,1684 гектар жер учаскесіне қосымшаға сәйкес жерден жария сервитут белгіленсін.

    Шектеулер, ауыртпалықтар, сервитуттар: жер учаскесі «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының электр беру желісін, кадастрлық нөмірі 15-225-061-042, «KEGOC» акционерлік қоғамының электр беру желісін, кадастрлық нөмірі 15-225-061-006, «Уфа-Омбы», «Уфа-Петропавл» магистральдық мұнай өнімдері құбырының қорғау аймағын кесіп өтеді «Транснефть-Урал» акционерлік қоғамы.

    2. «Транснефть-Урал» акционерлік қоғамы Жұмыс аяқталғаннан кейін жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша одан әрі пайдалануға жарамды күйге келтірсін.

    3. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы шешімнен туындайтын шараларды қабылдасын.

    4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласы әкімінің орынбасары А.К. Биктимировке жүктелсін.

    5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Қала әкімі

    А. Оразалинов

    Солтүстік Қазақстан облысы

    Мамлютка қаласы әкімінің

    шешіміне қосымша.

    2025 жылғы «__» _____

    № __ қаулысына қосымша

    Жер эксприкациясы

    гектармен
    № р/с
    Ка­дастр­лық нө­мір
    Жер пай­да­ла­ну­шы­лар­дың ата­уы
    Бе­рі­ле­тін алаң, га
    оның ішін­де
    та­би­ғи жай­ы­лым­дар
    Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы мақ­са­тын­да­ғы жер­лер
    1
    15-233-022
    Мам­лют­ка қа­ла­сы
    0,1684
    0,1684
    Ел­ді ме­кен­дер жер­ле­рі­нің жиы­ны:
    0,1684
    0,1684
    Мам­лют­ка қа­ла­сы бой­ын­ша жер жиы­ны:
    0,1684
    0,1684
    Мам­лют ауда­ны бой­ын­ша жер жиы­ны:
     
     
    0,1684
    0,1684

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.