«Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарына үміткерлерді іріктеуді ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2019 жылғы 6 тамыздағы № 184 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 3 сәуір 2025 ж.

    «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарына үміткерлерді іріктеуді ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2019 жылғы 6 тамыздағы № 184 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарына үміткерлерді іріктеуді ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2019 жылғы 6 тамыздағы № 184 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 19210 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    1-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «6) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кызметке кандидаттың кәсіптік құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу қағидалары мен әдістері осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;»;

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кызметте кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін есептеу қағидалары мен әдістері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес, жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жоғары тұрған басшы лауазымдарына конкурс өткізу қағидаларында:

    6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

    «6. Ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (бұдан әрі – Агенттік) интернет-ресурсында жарияланады және мынадай мәліметтерді қамтиды:»;

    9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «9. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері Агенттіктің кадр қызметіне конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей қолма-қол немесе хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына, сондай-ақ ақпараттық автоматтандырылған дерекқор (ақпараттық жүйе) арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:

    1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ішкі конкурсқа қатысу үшін өтініш;

    2) құрылымдық бөлімшенің басшысы қол қойған жұмыстағы негізгі көрсеткіштер мен нақты жетістіктерді көрсететін қызметтік іс-қимылдың нәтижелері туралы сипаттама.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің конкурсқа қатысуға ниет білдірген қызметкерлері сондай-ақ Агенттіктің кадр қызметінде психологиялық-әлеуметтік зерттеуден өтеді.».

    2. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Кадр жұмысы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) аппарат басшысына жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасы

    А. Жұмағали

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

    Қазақстан Республикасының

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

    іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас

    жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасы

    2025 жылғы 3 сәуірдегі

    № 62 бұйрығына

    қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

    іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас

    жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының

    2019 жылғы 6 тамыздағы

    № 184 бұйрығына

    6-қосымша

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кызметке кандидаттың кәсіптік құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу қағидалары мен әдістері

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кызметке кандидаттың кәсіптік құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу қағидалары мен әдістері (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке кандидаттың кәсіптік құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтинг) есептеу тәртібі мен әдістерін белгілейді.

    2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

    1) бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші (цифрлық рейтинг) – құқық қорғау органының ақпараттық кадр жүйесі арқылы қалыптастырылған, қызметке кандидаттың және қызметкердің кәсіби құзыреттеріне, сондай-ақ лауазым үшін негізгі көрсеткіштеріне және кәсіби жетістіктері туралы объективті деректеріне негізделген кәсіби әлеуетінің қалыптасқан сандық мәні (өлшемшарттар);

    2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің лауазымдарына арналған түйінді көрсеткіштер – осы лауазымдар үшін функционалдық міндеттерін орындауда белгіленген кәсіби біліктілік талаптарына сәйкес белгілі бір білім, білік және дағдыларды меңгеру дәрежесінің индикаторлары.

    3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке кандидаттың кәсіби әлеуетінің деңгейін айқындаудың мақсаттары кандидаттың болжамды лауазымдағы кәсіби қызметін тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білімінің, дағдыларының, қабілеттерінің сәйкестігін айқындау болып табылады.

    4. Бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші (цифрлық рейтинг) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке кандидатты алдын ала зерделеу және іріктеу кезінде ескеріледі.

    5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке кандидаттың бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу объективтілік және әділдік қағидаттарына негізделген және осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген жағдайларда жүргізіледі.

    2-тарау. Кәсіптік құзыреттерді, негізгі көрсеткіштерді және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу тәртібі мен әдістері

    6. Бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтинг) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (бұдан әрі – Агенттік) және оның аумақтық органдарының кадр қызметі айқындайды.

    7. Бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу мынадай кезеңдерді қамтиды:

    1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің лауазымдары үшін түйінді көрсеткіштерді айқындау;

    2) кандидаттың кәсіби жетістіктерін бағалауды қамтиды.

    8. Кандидаттың бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу нәтижелері туралы қорытындыны кадр қызметі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімдейді және конкурстық комиссияның қарауына оның отырысы өтетін күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей енгізеді.

    9. Бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштері (цифрлық рейтинг) мынадай формула бойынша есептеледі:

    БК = К +Ж

    БК – бәсекелестік көрсеткіші (цифрлық рейтинг) (1-ден 100 баллға дейін);

    К – сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдарына арналған негізгі көрсеткіштерді бағалау нәтижесі (1-ден 65 баллға дейін);

    Ж – сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке кандидаттың кәсіби жетістіктерін бағалау нәтижесі (1-ден 35 баллға дейін).

    10. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі көрсеткіштері «білім», «жұмыс тәжірибесі» болып табылады.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдары үшін негізгі көрсеткіштерді бағалау осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.

    11. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке кандидаттың кәсіби жетістіктерін бағалау осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.

    12. Бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші (цифрлык рейтинг) 4 (төрт) деңгей бойынша балдық жүйе негізінде айқындалады. Әрбір деңгей сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке кандидаттың кәсіби әлеуетінің дәрежесін білдіреді:

    4-деңгей (басшылық лауазымдар үшін - 70-тен 100 баллға дейін) – кандидат өз функцияларын лауазымға қойылатын біліктілік талаптарынан асатын деңгейде орындауға қабілетті. Өз саласында сарапшы болып табылады. Жұмысты жақсарту жолдарын ұсынуға, сондай-ақ жаңа тәсілдер мен шешімдерді әзірлеуге қабілетті;

    3-деңгей (50-ден 69 баллға дейін қоса алғанда) – кандидат жеткілікті білім деңгейіне ие және атқаратын лауазымына сәйкес барлық қажетті дағдыларды көрсетеді. Өз құзыреті шегінде жұмысты өз бетінше және қатесіз орындауға қабілетті;

    2-деңгей (30-дан 49 баллға дейін қоса алғанда) – жұмыс негізінен орта немесе жеткілікті деңгейде орындалады. Кандидаттың кейбір салаларда білім деңгейі жеткіліксіз, бұл кейбір міндеттерді орындау кезінде бақылау қажеттілігіне алып келеді. «В-РКО-6» санатынан жоғары емес лауазымға тағайындалады;

    1-деңгей (1-ден 29 баллға дейін қоса алғанда) – кандидат лауазымдық міндеттерді орындау үшін жеткілікті білім деңгейіне ие емес, жұмысты өз бетінше орындауға қабілетсіз, басшы тарапынан тұрақты бақылауды талап етеді. «В-РКО-8» санатынан жоғары емес лауазымға тағайындалады.

    13. Агенттіктің және оның аумақтық органдарының кадр қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке кандидаттардың ведомстволық деректер банкін олардың бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерін (цифрлық рейтингін) көрсете отырып жүргізеді.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

    кызметке кандидаттың кәсіптік

    құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін

    айқындау және бәсекеге қабілеттілік

    көрсеткішін (цифрлық рейтингін)

    есептеу қағидалары мен әдістеріне

    1-қосымша

    Нысан

    «КЕЛІСІЛДІ»

    ________________________________

    (Агенттік Төрағасының орынбасары)

    ________________________________

    (қолы)

    20___жылғы «___»________________

     
    Бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерін (цифрлык рейтинг) есептеу туралы қорытынды

    ______________________________________________________________ (кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) _______________________________________________________________ (көзделген лауазым)

    № п/п
    Ба­ға­лау кри­те­рий­ле­рі
    Ық­ти­мал ең жо­ға­ры балл
    Кан­ди­дат­тың жи­на­ған балл­да­ры
    құқық қор­ғау қыз­ме­тіне ал­ғаш ор­на­ла­са­тын кан­ди­дат­тар үшін
    құқық қор­ғау қыз­ме­т­ін­де бұ­дан бұ­рын қыз­мет өт­кер­ген кан­ди­дат­тар үшін
    1
    Негіз­гі көр­сет­кіш­тер:
    бі­лі­мі
    10
    10
    жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі
    30
    35
    2
    Кә­сі­би же­ті­стікте­рі
    35
    55
    Бар­лы­ғы:
    75
    100

    Тұжырымдар мен ұсынымдар: жиналған баллдардың нәтижелері бойынша

    _________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) бәсекеге қабілеттіліктің ____________________ деңгейіне сәйкес келеді,

    _________________________________________________________________ ((лауазымының және бөлімшенің атауы) лауазымға тағайындауға енгізуге) ұсынылады

    Бөлімшенің тікелей басшысы (лауазымы)

    ___________________(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)

    Жеке қауіпсіздік бөлімшесінің басшысы

    ___________________(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)

    Кадр қызметінің басшысы

    ______________________________(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

    кызметке кандидаттың кәсіптік

    құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін

    айқындау және бәсекеге қабілеттілік

    көрсеткішін (цифрлық рейтингін)

    есептеу қағидалары мен әдістеріне

    2-қосымша

    Нысан

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдарына арналған негізгі көрсеткіштерді бағалау

    1. «Білім» көрсеткіші

    (жалпы баға: 4-тен 10 баллға дейін)

    «Білім» көрсеткіші бойынша баллдар білімі (немесе) ғылыми деңгейі туралы құжатпен беріледі

    Көр­сет­кіш
    Жал­пы
    Кә­сі­би
    Ба­ка­лавр
    4 балл
    7 балл
    Ма­гистр
    5 балл
    8 балл
    Ғы­лым кан­ди­да­ты
    6 балл
    9 балл
    Фи­ло­со­фия док­то­ры (PhD), бей­і­ні бой­ын­ша док­тор, ғы­лым док­то­ры
    7 балл
    10 балл
    Ескертпе:
    қызметке алғаш орналасатын, үздік дипломы бар кандидаттар үшін қосымша 3 балл беріледі.
    2. Жұмыс тәжірибесі
    (жалпы баға: құқық қорғау қызметіне алғаш орналасатын кандидаттар үшін1-ден 30 баллға дейін;
    құқық қорғау қызметінде бұдан бұрын қызмет өткерген кандидаттар үшін 1-ден 35 баллға дейін)
    Құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардағы немесе басқа қызметте атқарып отырған лауазымына байланысты, әр жыл сайынғы жұмысы үшін балл беріледі
    Жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі
    бас­қа­сы
    Өтіл
    Құқық қор­ғау және ар­найы ор­ган­дар­да­ғы қыз­мет бей­і­ні бой­ын­ша жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі
    Құқық қор­ғау және ар­найы ор­ган­дар­да­ғы бас­қа да қыз­мет бой­ын­ша жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі
    Ат­қа­ру­шы­лық
    Бас­шы­лық
    Ат­қа­ру­шы­лық
    Бас­шы­лық
    20 жыл және одан көп
    14
    20
    12
    14
    10
    10 жыл­дан 20 жы­л­ға дей­ін
    11
    16
    9
    11
    6
    5 жыл­дан 10 жы­л­ға дей­ін
    9
    14
    7
    9
    5
    1 жыл­дан 5 жы­л­ға дей­ін
    7
    12
    5
    7
    4
    1 жы­л­ға дей­ін
    3
    6
    2
    3
    1
    Ескертпе: кандидатта жұмыс тәжірбиесі бойынша екі және одан артық ұстанымдар бар болса, ең үлкен мәні бар ұстаным ескеріледі.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

    кызметке кандидаттың кәсіптік

    құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін

    айқындау және бәсекеге қабілеттілік

    көрсеткішін (цифрлық рейтингін)

    есептеу қағидалары мен әдістеріне

    3-қосымша

    Нысан

    Кандидаттың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегі кәсіби жетістіктерін бағалау

    (жалпы баға: құқық қорғау қызметіне алғаш орналасатын кандидаттар үшін 1-ден 35 баллға дейін; құқық қорғау қызметінде бұдан бұрын қызмет өткерген кандидаттар үшін 1-ден 55 баллға дейін)

    Кә­сі­би же­ті­стіктер ата­уы
    Рас­тай­тын құ­жат­тың (егер бар бол­са) ата­уы, кү­ні және нө­мі­рі
    Ба­ға (балл­дар)
    1
    Мем­ле­кет­тік на­гра­да­лар­дың бо­луы
    10
    2
    Сы­бай­лас жем­қор­лық­қа қар­сы қыз­мет­тің на­гра­да­ла­ры, кө­тер­ме­ле­уле­рі
    3
    3
    Қол­да­ны­с­та­ғы жа­за­лар­дың бол­мауы
    3
    4
    Ха­лы­қа­ра­лық іс-ша­ра­лар­ға қа­ты­суы, ор­ган­ның, оқу ме­ке­ме­сі­нің мүд­де­сін біл­ді­ру (кан­ди­дат­тар үшін)
    2
    5
    Ке­зек­тен тыс ар­найы атақ­тар, сы­нып­тық шен бе­ру неме­се ке­зек­тен тыс бі­лік­ті­лік сы­нып­та­рын бел­гі­леу
    4
    6
    Ор­ган­ның қыз­ме­тін жақ­сар­ту­ға ық­пал ет­кен мақ­са­тын­да ба­ста­ма­шыл­дық­та­ры
    4
    7
    Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді әзір­леу
    4
    8
    Мем­ле­кет­тік тіл­ді мең­ге­руі (ор­та­дан жо­ға­ры дең­гей ту­ра­лы сер­ти­фи­кат­тың бо­луы)
    2
    9
    Шет тіл­де­рін бі­лу (сер­ти­фи­кат)
    4
    10
    Жо­ға­ры тұр­ған ла­у­а­зым­ға жы­л­жы­ту­ға ұсы­ну
    4
    11
    Бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру кур­ста­ры­нан өту (соң­ғы 3 жыл­да)
    4
    12
    Бөгде ұй­ым­дар­дың, же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­дың (көр­ші­лер­дің пі­кір­ле­рі, учас­ке­лік по­ли­ция ин­спек­то­ры­ның ба­я­на­ты, оқу, жұ­мыс ор­ны­нан мі­нез­де­ме­лер) оң пі­кір­лер­дің, ал­ғыс хат­та­ры­ның бо­луы (кан­ди­дат­тар үшін)
    5
    13
    Қо­ғам­дық өмір­ге, спорт­тық іс-ша­ра­лар­ға қа­ты­су (гра­мо­та­лар, ди­плом­дар, ал­ғыс хат­тар қыз­мет­ке үміт­кер­лер үшін)
    2
    14
    «1-сы­нып­ты ма­ман – тә­лім­гер» сы­нып­тық бі­лік­ті­лі­гі­нің бо­луы
    5
    ЖАЛ­ПЫ БА­ҒА
    55

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.