Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Азаматтық әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 190 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11677 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету қағидаларында:
1-қосымшада:
«Авиакеросиндер» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
АВИАКЕРОСИНДЕР
|
||
|
Реактивті қозғалтқыштарға арналған отын
Газтурбиналы қозғалтқыштарға арналған авиациялық отын
|
ТС-1, РТ
Джет А-1 (Jet A-1)
|
КО ТР 013/2011;
МССТ 10227.
КО ТР 013/2011;
ASTM D1655,
(ҚР СТ ASTM D 1655).
»;
2) «Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнаулы сұйықтықтарды сақтау, құюға беруге дайындау және олардың сапасына бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 191 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11678 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнаулы сұйықтықтарды сақтау, құюға беруге дайындау және олардың сапасына бақылау жүргізу қағидаларында:
2-қосымшада:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Газтурбиналық қозғалтқыштар мен ҚҚҚ үшін қолданылатын негізгі отындардың маркалары ТС-1, РТ және Джет А-1 болып табылады.
Осы маркалардың әрқайсысын жеке немесе кез келген үлестегі ТС-1 және РТ маркаларының қоспасын ӘК (оның ішінде шетелдік) бактарында отын қалдығының маркасына қарамастан құюға және үстемелеп құюға рұқсат етіледі.
ТС-1 и РТ маркалар қоспасы болып табылатын отынды құйған кезде бақылау талонына тиісті жазба енгізіледі.».
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а.
М. Калиакпаров
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.