Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 24 тамыздағы № 583 «Тарбағатай ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы» қаулысының күшін жою туралы
Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Тарбағатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 24 тамыздағы № 583 «Тарбағатай ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7493 болып тіркелген) қаулысының күші жойылсын.
2. Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 13 қазандағы № 996 «Тарбағатай ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы» өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7671 болып тіркелген) қаулысының күші жойылсын.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тарбағатай ауданының әкімі
Д. Жоргекбаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.