«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 4 сәуір 2025 ж.

    «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі 310 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:

    15-тармақта:

    мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

    «9-1) инвестициялар жөніндегі уәкілетті органға инвесторлар және олардың инвестициялық жобалары туралы мәлімет береді;»;

    13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «13) мыналардың:

    агроөнеркәсiптiк кешендi дамытудың;

    азық-түлік тауарларының;

    азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің;

    тауар биржалары арқылы міндетті түрде өткізілетін биржалық тауарлармен сауда-саттықтың мониторингін жүргізеді;»;

    мынадай мазмұндағы 13-1) және 13-2) тармақшалармен толықтырылсын:

    «13-1) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін биржалық тауарлардың тізбесін, сондай-ақ оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді келіседі;

    13-2) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлардың тізбесін, сондай-ақ оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді келіседі;».

    2. Осы қаулы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының он бірінші және он үшінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.