Т. Рысқұлов ауданы мәслихатының 2019 жылғы 30 қазандағы «Т.Рысқұлов ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» № 47-5 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 31 наурыз 2025 ж.

    Т.Рысқұлов ауданы мәслихатының 2019 жылғы 30 қазандағы «Т.Рысқұлов ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» №47-5 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес, Т.Рысқұлов ауданының  мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Т.Рысқұлов ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 2019 жылғы 30 қазандағы № 47-5 шешімі (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4391 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік  он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Мәслихат төрағасы

    Е. Абуталипов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.