Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 1 маусымдағы № 20/253 «Теңге, Қызылсай, Рахат және Кендірлі ауылдарының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Теңге, Қызылсай, Рахат және Кендірлі ауылдарының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 1 маусымдағы № 20/253 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3665 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің орыс тілдегі 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген шешіммен бекітілген Теңге, Қызылсай, Рахат және Кендірлі ауылдарының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде:
орыс тілдегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, қазақ тілдегі мәтіні өзгермейді;
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы Теңге, Қызылсай, Рахат және Кендірлі ауылдарының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) және «Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 15630 болып тіркелген) әзірленді.».
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңаөзен қалалық мәслихатының төрағасы
Г. Байжанов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.