«Ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 3 сәуір 2025 ж.

    «Ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы

    «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес «Ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі

    С. Нурбек

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Цифрлық даму, инновациялар

    және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

    Қазақстан Республикасының

    Ғылым және жоғары білім министрі

    2025 жылғы 3 сәуірдегі

    № 162 Бұйрығына

    қосымша

    «Ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы «Ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін құжатттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет тәртібін айқындайды.

    2. «Ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

    3. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі (тиісті нормативтік құқықтық актіні әділет органдарында мемлекеттік тіркеу) осы Қағидаларға өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды өзектендіреді және «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына, бірыңғай байланыс орталығы мен көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.

    4. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

    1) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді жүзеге асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсететін персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдық реттелген жиынтығы;

    2) ғылыми тағылымдама – «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберіндегі тағылымдаманы қоспағанда, таңдалған ғылыми зерттеулер бағыты бойынша кәсіби құзыреттілікті дамыту мақсатында шетелдік жетекші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында, ғылыми орталықтарда және өзге де ұйымдарда ғалымдардың тағылымдамадан өтуі;

    3) көрсетілетін қызметті алушы – үміткер, «Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 422 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33308 болып тіркелген) (бұдан әрі – Іріктеу қағидалары) талаптарға сай және конкурсқа қатысатын Қазақстан Республикасының азаматы;

    4) көрсетілетін қызметті беруші – ұйым, шетелде кадрлар даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың халықаралық бағдарламалары, оның ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыратын «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы;

    5) Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия – Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы және ғылыми тағылымдамалардан өту мәселелері жөніндегі іс-шараларды іске асыру мақсатында құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі – Республикалық комиссия);

    6) Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органы – ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – жұмыс органы);

    7) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

    8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық таңбалар жиынтығы.

    Осы Қағидаларға мемлекеттік қызмет көрсету бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде ғылым және білім саласындағы уәкілетті орган нормативтік құқықтық акті мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Бірыңғай байланыс орталығын, «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторын енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы хабардар етеді.

    2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

    5. Ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкімет» веб – порталы (бұдан әрі - портал) арқылы не тікелей көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне «Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі - тізбе) көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1 – қосымшаға сәйкес ғылыми тағылымдамадан өтуге өтініш береді.

    6. Өтінішті қарау мерзімі:

    1) құжаттар топтамасы тіркелген күннен бастап көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде – 2 (екі) жұмыс күні (құжаттар топтамасын тапсыру күні жалпы мерзімге кірмейді), көрсетілетін қызметті берушінің заңды мекенжайы бойынша құжаттар топтамасын өңдеудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 60 (алпыс) минут;

    2) портал (ақпараттық жүйе) арқылы жүгінген кезде – 2 (екі) жұмыс күні (құжаттар топтамасын тапсыру күні жалпы мерзімге кірмейді).

    7. Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкіл) көрсетілетін қызметті берушінің заңды мекенжайы бойынша жүгінгенде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері жұмыс органдары бекіткен мерзімдер кезеңінде өтінішті тіркеуді жүзеге асырады және құжаттар топтамасын қолма - қол қабылдау үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкеріне (бұдан әрі – орындаушы) жібереді.

    Орындаушы оларды көрсетілетін қызметті берушінің порталында (ақпараттық жүйесінде) тіркеуді және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасын қабылдау және өтініш келіп түскен күні қатысуға рұқсат беру туралы қолхат беруді жүзеге асырады не көрсетілетін қызметті алушы мерзімі өткен құжаттарды және (немесе) құжаттар топтамасын толық ұсынбаған кезде құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

    Көрсетілетін қызметті алушы порталдың жеке кабинеті (ақпараттық жүйе) арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

    8. Көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжатын қарау нәтижелері бойынша құжат қабылдау және конкурсқа қатысуға жіберу туралы хабарлама не оларды әрі қарай қараудан дәлелді бас тарту жіберіледі.

    9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себебін жойған кезде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін қайтадан жүгінеді.

    10. Көрсетілетін қызметті беруші бекітілген мерзім кезеңінде конкурстық іріктеу үшін және Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысына деректер қоры мен қажетті шығыс құжаттарын дайындайды.

    11. «Ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға қосымшада келтірілген.

    12. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.

    13. Ақпараттық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші анықталған сәттен бастап дереу көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкерін хабардар етеді.

    14. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.

    3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

    15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

    Шағымдар көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.

    16. Көрсетілетін қызметті беруші шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

    Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешімді не өзге де әкімшілік іс-әрекетті қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

    17. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

    18. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

    19. Егер Заңда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа жүгінуге дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

    «Ғылыми тағылымдамадан өту

    конкурсына қатысу үшін құжаттарды

    қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін

    қызмет қағидаларына қосымша

    «Ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне қойылатын негізгі талаптар тізбесі

    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы
    «Ғы­лы­ми та­ғы­лым­да­ма­дан өту кон­кур­сы­на қа­ты­су үшін құ­жат­тар­ды қа­был­дау»
    1
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    «Ха­лы­қа­ра­лық бағ­дар­ла­ма­лар ор­та­лы­ғы» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы
    2
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тә­сіл­де­рі
    өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің нәти­же­сін бе­ру:
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се­сі;
    2) «элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы: www.​egov.​kz
    3
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
    1)құ­жат­тар топ­та­ма­сы қа­был­дан­ған күн­нен ба­стап көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге жү­гін­ген кез­де – 2 (екі) жұ­мыс кү­ні (құ­жат­тар топ­та­ма­сын тап­сы­ру кү­ні жал­пы мер­зім­ге кір­мей­ді), көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің заң­ды ме­кен­жайы бой­ын­ша құ­жат­тар топ­та­ма­сын өң­де­удің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 60 (ал­пыс) ми­нут;
    2) пор­тал (ақ­па­рат­тық жүйе) ар­қы­лы жү­гін­ген кез­де – 2 (екі) жұ­мыс кү­ні (құ­жат­тар топ­та­ма­сын тап­сы­ру кү­ні жал­пы мер­зім­ге кір­мей­ді)
    4
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
    Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)/қа­ғаз түр­де
    5
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі
    кон­кур­сқа қа­ты­су­ға рұқ­сат бе­ру ту­ра­лы неме­се қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту. Пор­тал­да мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның «же­ке ка­би­не­тіне» жі­бе­рі­ле­ді және сақ­та­ла­ды.
    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    те­гін
    7
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің жұ­мыс гра­фи­гі
    1)көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін;
    2)пор­тал (ақ­па­рат­тық жүйе) – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жайы «Ха­лы­қа­ра­лық бағ­дар­ла­ма­лар ор­та­лы­ғы» Ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­ның ин­тер­нет-ре­сур­сын­да: https://​bol​asha​k.​gov.​kz
    8
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
    көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы (не но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған се­нім­хат бой­ын­ша өкіл) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ар­қы­лы заң­ды ме­кен­жайы бой­ын­ша жү­гін­ген кез­де:
    1) «Ғы­лы­ми та­ғы­лым­да­ма­дан өту­ге ар­нал­ған кон­кур­сқа қа­ты­су үшін жұ­мыс ор­нын сақ­тау шар­ты­мен жұ­мыс бе­ру­ші­нің ма­ман да­яр­ла­у­ға өті­ні­мі­нің ны­сан­да­рын және үміт­кер­дің са­у­ал­на­ма­сын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ғы­лым және жо­ға­ры бі­лім ми­ни­стрі­нің 2024 жы­л­ғы 29 шіл­де­де­гі № 378 бұй­ры­ғы­мен (бұ­дан әрі - № 378 бұй­рық) бе­кі­ті­л­ген 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша жұ­мыс ор­нын сақ­тау шар­ты­мен ғы­лы­ми та­ғы­лым­да­ма­дан өту­ге жұ­мыс бе­ру­ші­нің өті­ні­мі;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат және (неме­се) цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен элек­трон­дық құ­жат (же­ке ба­сын сәй­кестен­ді­ру үшін та­лап еті­ле­ді);
    3) № 378 бұй­рық­пен бе­кі­ті­л­ген 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша ғы­лы­ми та­ғы­лым­да­ма­дан өту кон­кур­сы­на қа­ты­су үшін үміт­кер­дің тол­тыр­ған са­у­ал­на­ма­сы;
    4) ғы­лым док­то­ры және (неме­се) ғы­лым кан­ди­да­ты ғы­лы­ми дә­ре­же­сі, фи­ло­со­фия док­то­ры (PhD) және (неме­се) бей­ін бой­ын­ша док­тор дә­ре­же­сі, ма­гистр дә­ре­же­сі­нің бо­луы ту­ра­лы құ­жат­тың, сон­дай-ақ ше­тел­дік бі­лім бе­ру ұй­ы­мын­да оқы­ған­да – бі­лім ту­ра­лы құ­жат­ты та­ну ту­ра­лы ку­ә­лік­тің не «Бі­лім ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 39-ба­бы­ның 8-тар­ма­ғын­да бел­гі­лен­ген ерекше­лік­тер­ді ес­ке­ре оты­рып, бі­лім ту­ра­лы құ­жат­ты та­ну ту­ра­лы өзге құ­жат­тың түп­нұс­қа­сы және кө­шір­ме­сі (түп­нұс­қа­ла­ры са­лы­сты­рып тек­се­рі­л­ген­нен кей­ін үміт­кер­ге қай­та­ры­ла­ды);
    5) Ірік­теу қа­ғи­да­ла­рын­да бе­кі­ті­л­ген та­лап­тар­ға сәй­кес жа­са­лып, жұ­мыс бе­ру­ші бе­кі­те­тін және та­ғы­лым­да­ма­ға қа­был­дай­тын ше­тел­дік ұй­ым­мен ке­лі­сі­л­ген ғы­лы­ми та­ғы­лым­да­ма­дан өту бағ­дар­ла­ма­сы;
    6) ең­бек қыз­ме­тін рас­тай­тын құ­жат­тар­дың, сон­дай-ақ осы Қа­ғи­да­лар­ға сәй­кес та­лап еті­ле­тін ең­бек қыз­ме­ті ке­зе­ңін­де ауда­ры­л­ған мін­дет­ті зей­не­та­қы жар­на­ла­ры ту­ра­лы үзін­ді­нің түп­нұс­қа­сы және кө­шір­ме­сі (түп­нұс­қа­ла­ры са­лы­сты­рып тек­се­рі­л­ген­нен кей­ін үміт­кер­ге қай­та­ры­ла­ды);
    7) бел­гі­лен­ген ең тө­мен­гі та­лап­тар­ға сәй­кес нәти­же­сі бар мем­ле­кет­тік тіл­ден ем­ти­хан тап­сыр­ға­ны ту­ра­лы бел­гі­лен­ген ны­сан­да­ғы жа­рам­ды ре­сми сер­ти­фи­кат­тың түп­нұс­қа­сы мен кө­шір­ме­сі (түп­нұс­қа­ла­ры са­лы­сты­рып тек­се­рі­л­ген­нен кей­ін үміт­кер­ге қай­та­ры­ла­ды);
    8) бел­гі­лен­ген ең тө­мен­гі та­лап­тар­ға сәй­кес нәти­же­сі бар шет ті­лі­нен ем­ти­хан тап­сыр­ға­ны ту­ра­лы бел­гі­лен­ген ны­сан­да­ғы жа­рам­ды ре­сми сер­ти­фи­кат­тың түп­нұс­қа­сы мен кө­шір­ме­сі (түп­нұс­қа­ла­ры са­лы­сты­рып тек­се­рі­л­ген­нен кей­ін үміт­кер­ге қай­та­ры­ла­ды);
    9) «Ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы есеп­ке алу құ­жат­та­ма­сы­ның ны­сан­да­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стрі­нің мін­де­тін ат­қа­ру­шы­ның 2020 жы­л­ғы 30 қа­зан­да­ғы № ҚР ДСМ-175/2020 бұй­ры­ғы­мен (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 21579 бо­лып тір­кел­ген) (бұ­дан әрі - № 21579 бұй­рық) бе­кі­ті­л­ген № 072/у ны­са­ны бой­ын­ша ме­ди­ци­на­лық анық­та­ма­ның түп­нұс­қа­сы (ше­тел­ге шы­ға­тын­дар үшін);
    10) үміт­кер­ді та­ғы­лым­да­ма­ға қа­был­дай­тын ше­тел­дік ұй­ым­ның шартсыз ша­қы­руын (қар­жы­лық шар­ттар­ды қо­с­па­ған­да) рас­тай­тын, жүр­гі­зі­ле­тін ғы­лы­ми зерт­теу, ғы­лы­ми та­ғы­лым­да­ма­дан өту мер­зі­мі, құ­ны (есеп-қи­са­бын то­лық көр­се­тіп) көр­се­ті­л­ген, қа­зақ неме­се орыс ті­ліне но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған аудар­ма­сы бар құ­жат­тың кө­шір­ме­сі;
    11) ғы­лы­ми нәти­же­лер­дің ті­зі­мі (Web of Science (Веб оф сайнс), Scopus (Ско­пус) ха­лы­қа­ра­лық де­рекқор­ла­рын­да ин­дек­с­те­ле­тін ке­мін­де 1 (бір) ма­қа­ла­сы неме­се шо­луы неме­се «Ғы­лы­ми қыз­мет­тің нәти­же­ле­рін жа­ри­я­лау үшін ұсы­ны­ла­тын ба­сы­лым­дар тіз­бе­сіне қо­су үшін ғы­лы­ми ба­сы­лым­дар­ға қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ды бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Бі­лім және ғы­лым ми­ни­стрі­нің 2016 жы­л­ғы 12 қаң­тар­да­ғы № 20 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 13409 бо­лып тір­кел­ген) Ғы­лы­ми ба­сы­лым­дар тіз­бе­сі­нің 1-ті­зі­міне неме­се 2-ті­зі­міне ен­гі­зі­л­ген отан­дық неме­се ше­тел­дік ғы­лы­ми ба­сы­лым­дар­да 1 ма­қа­ла және (неме­се) Derwent Innovations Index (Дер­вент ино­вейшн ин­декс) ха­лы­қа­ра­лық өті­ні­мі;
    12) ғы­лым са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган бер­ген ак­кре­дит­теу ту­ра­лы жа­рам­ды ре­сми ку­ә­лік­тің кө­шір­ме­сі.
    Үміт­кер пор­тал (ақ­па­рат­тық жүйе) ар­қы­лы жү­гін­ген жағ­дай­да:
    1) № 378 бұй­рық­пен бе­кі­ті­л­ген 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша жұ­мыс ор­нын сақ­тау шар­ты­мен ғы­лы­ми та­ғы­лым­да­ма­дан өту­ге жұ­мыс бе­ру­ші­нің өті­ні­мі­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
    2) № 378 бұй­рық­пен бе­кі­ті­л­ген 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша ғы­лы­ми та­ғы­лым­да­ма­дан өту кон­кур­сы­на қа­ты­су үшін үміт­кер­дің тол­тыр­ған және пор­тал­да (ақ­па­рат­тық жүй­е­де) ав­то­мат­ты түр­де қа­лып­та­сты­ры­л­ған са­у­ал­на­ма­сы;
    3) ғы­лым док­то­ры, ғы­лым кан­ди­да­ты ғы­лы­ми дә­ре­же­сі, фи­ло­со­фия док­то­ры (PhD), бей­ін бой­ын­ша док­тор, ма­гистр дә­ре­же­сі­нің бо­луы ту­ра­лы құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі, сон­дай-ақ ше­тел­дік бі­лім бе­ру ұй­ы­мын­да оқы­ған­да – бі­лім ту­ра­лы құ­жат­ты та­ну ту­ра­лы ку­ә­лік­тің не «Бі­лім ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 39-ба­бы­ның 8-тар­ма­ғын­да бел­гі­лен­ген ерекше­лік­тер­ді ес­ке­ре оты­рып, бі­лім ту­ра­лы құ­жат­ты та­ну ту­ра­лы өзге құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
    4) Ірік­теу қа­ғи­да­ла­рын­да бе­кі­ті­л­ген та­лап­тар­ға сәй­кес жа­са­лып, жұ­мыс бе­ру­ші бе­кі­те­тін және та­ғы­лым­да­ма­ға қа­был­дай­тын ше­тел­дік ұй­ым­мен ке­лі­сі­л­ген ғы­лы­ми та­ғы­лым­да­ма­дан өту бағ­дар­ла­ма­сы­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
    5) ең­бек қыз­ме­тін рас­тай­тын құ­жат­тар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рі, сон­дай-ақ осы Қа­ғи­да­лар­ға сәй­кес та­лап еті­ле­тін ең­бек қыз­ме­ті ке­зе­ңін­де ауда­ры­л­ған мін­дет­ті зей­не­та­қы жар­на­ла­ры ту­ра­лы үзін­ді;
    6) бел­гі­лен­ген ең тө­мен­гі та­лап­тар­ға сәй­кес нәти­же­сі бар қа­зақ тіл­ден ем­ти­хан тап­сыр­ға­ны ту­ра­лы бел­гі­лен­ген ны­сан­да­ғы жа­рам­ды ре­сми сер­ти­фи­кат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
    7) бел­гі­лен­ген ең тө­мен­гі та­лап­тар­ға сәй­кес нәти­же­сі бар шет ті­лі­нен ем­ти­хан тап­сыр­ға­ны ту­ра­лы бел­гі­лен­ген ны­сан­да­ғы жа­рам­ды ре­сми сер­ти­фи­кат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
    8) № 21579 бұй­рық­пен бе­кі­ті­л­ген № 072/у ны­са­ны бой­ын­ша ме­ди­ци­на­лық анық­та­ма­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (ше­тел­ге шы­ға­тын­дар үшін);
    9) үміт­кер­ді та­ғы­лым­да­ма­ға қа­был­дай­тын ше­тел­дік ұй­ым­ның шартсыз ша­қы­руын (қар­жы­лық шар­ттар­ды қо­с­па­ған­да) рас­тай­тын, жүр­гі­зі­ле­тін ғы­лы­ми зерт­теу, ғы­лы­ми та­ғы­лым­да­ма­дан өту мер­зі­мі, құ­ны (есеп-қи­са­бын то­лық көр­се­тіп) көр­се­ті­л­ген, мем­ле­кет­тік неме­се орыс ті­ліне но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған аудар­ма­сы бар құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
    10) ғы­лы­ми нәти­же­лер­дің ті­зі­мі­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (Web of Science (Веб оф сайнс), Scopus (Ско­пус) ха­лы­қа­ра­лық де­рекқор­ла­рын­да ин­дек­с­те­ле­тін ке­мін­де 1 (бір) ма­қа­ла­сы неме­се шо­луы неме­се «Ғы­лы­ми қыз­мет­тің нәти­же­ле­рін жа­ри­я­лау үшін ұсы­ны­ла­тын ба­сы­лым­дар тіз­бе­сіне қо­су үшін ғы­лы­ми ба­сы­лым­дар­ға қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ды бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Бі­лім және ғы­лым ми­ни­стрі­нің 2016 жы­л­ғы 12 қаң­тар­да­ғы № 20 бұй­ры­ғын­да (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 13409 бо­лып тір­кел­ген) Ғы­лы­ми ба­сы­лым­дар тіз­бе­сі­нің 1-ті­зі­міне неме­се 2-ті­зі­міне ен­гі­зі­л­ген отан­дық неме­се ше­тел­дік ғы­лы­ми ба­сы­лым­дар­да 1 ма­қа­ла және (неме­се) Derwent Innovations Index (Дер­вент ино­вейшн ин­декс) ха­лы­қа­ра­лық өті­ні­мі;
    11) ғы­лым са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган бер­ген ак­кре­дит­теу ту­ра­лы жа­рам­ды ре­сми ку­ә­лік­тің кө­шір­ме­сі;
    Же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ала­ды.
    9
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген негіз­дер
    1)мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін үміт­кер ұсын­ған құ­жат­тың және (неме­се) Ірік­теу қа­ғи­да­ла­ры­на сәй­кес олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гі­нің анық­та­луы;
    2)көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) Ірік­теу қа­ғи­да­ла­рын­да бел­гі­лен­ген та­лап­та­ры­на сәй­кес­сіз­ді­гі­нің анық­та­луы;
    3)«Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ұсы­ны­ла­тын ке­лі­сі­мі­нің бол­мауы.
    Үміт­кер мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту се­беп­те­рін жой­ған жағ­дай­да, үміт­кер мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін қай­та жү­гі­не­ді.
    10
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып, көз­де­ле­тін өзге де та­лап­тар
    Ұя­лы бай­ла­ныс опе­ра­то­ры ұсын­ған үміт­кер­дің або­нент­тік нө­мі­рін ақ­па­рат­тық жүй­е­нің есеп­тік жа­з­ба­сы­на тір­ке­ген және қо­с­қан жағ­дай­да, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ЭЦҚ болған кез­де пор­тал (ақ­па­рат­тық жүйе) ар­қы­лы неме­се бір рет­тік ку­әлан­ды­ры­л­ған па­роль ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да ала­ды.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның 1414, 8-800-080-7777 те­ле­фон­да­ры ар­қы­лы ала­ды.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.