«Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне (экономикалық тергеп-тексеру қызметі) қызметке қабылданумен және бос лауазымдарға орналасумен байланысты кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 7 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне (экономикалық тергеп-тексеру қызметі) қызметке қабылданумен және бос лауазымдарға орналасумен байланысты кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 7 бұйрығынның (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26496 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін, оның Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
Ж. Элиманов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.