Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 2 сәуір 2025 ж.

    Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы

    «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 35-15) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 346) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

    1. Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі Нұсқаулық бекітілсін.

    2. Мыналардың:

    1) «Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 374 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12642 болып тіркелген);

    2) «Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 374 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 367 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31169 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

    3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

    4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшлік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

    5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланғанынан бастап он күнтізбелік күн ішінде күшіне енеді.

    Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі

    А. Балаева

    Қазақстан Республикасының

    Мәдениет және ақпарат министрі

    2025 жылғы 2 сәуірдегі

    № 136-НҚ бұйрығымен

    бекітілген

    Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі нұсқаулығы

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі осы нұсқаулық (әрі қарай – Нұсқаулық) мемлекеттік кітапханалардың кітапханалық қорын есепке алу және есептен шығару үдерістерін құжаттар түсімін есепке алу, кітапханалық қорды есептен шығару жолымен нақтылайды.

    2. Осы Нұсқаулықта мынадай түсініктер қолданылады:

    1) аудиовизуалды материал – техникалық және электрондық құралдардың көмегімен жаңғыртылатын бейнелеу, дыбыстық және мәтіндік ақпараттарды қамтитын тасымалдаушы;

    2) баспа өнімі – мерзімді баспасөз басылымдары, кітаптар, брошюралар, альбомдар, плакаттар, буклеттер және өзге де полиграфиялық өнім;

    3) мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қоры (бұдан әрі – кітапхана қоры) сақталуға және оқырмандар мен абоненттерге уақытша пайдалануға беруге арналып қалыптастырылған құжаттардың реттелген жиынтығы;

    4) мерзімді баспа басылымы – газет, журнал, альманах, бюллетень және олардың тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар, үш айда бір реттен кем емес шығарылатын қосымшалар.

    3. Кітапхана қорын есепке алуға және есептен шығаруға баспа өнімдері, мерзімді баспа басылымдары, сондай-ақ аудиовизуалды материалдар жатады.

    2-тарау. Кітапхана қорын есепке алу

    4. Кітапхана қорының есебін жүргізгенде құжаттар саны, газеттер мен аудиовизуалды материалдарды қоспағанда, негізгі бірлікпен – данамен өлшенеді.

    Газет саны үшін негізі өлшем бірлігі газеттердің бір жылғы нөмірлерінің (шығарылымдардың) жиынтығын құрайтын жылдық жиынтық болып табылады.

    Аудиовизуалды материалдар санының өлшем бірліктері:

    магниттік фоногорамма үшін – кассета, шарғы, бобина;

    грампластинкалар үшін – диск;

    диафильм үшін – орама;

    диапозитив және кинофоноқұжаттар үшін – жиынтық болып табылады.

    5. Кітапхана қорын есепке алу құжаттар түсімінің есебін және құжаттардың жиынтық есебін жүргізу жолымен жүзеге асырылады.

    6. Түскен құжаттарды есепке алу мынадай рәсімдерді қамтиды:

    1) құжаттарды қабылдап алу.

    Жолдама құжаттармен немесе поштамен түскен немесе қолдан сыйға алынған құжаттарды қабылдау барысында ақауының және (немесе) жолдама хатта (бар болғанда) көрсетілген мәліметтерден айырмашылығының болуына салыстырылып тексеріледі.

    Ақаулар және (немесе) айырмашылықтар болмаған жағдайда, құжат кітапханада пайдалану үшін қабылданады және осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдап алу актісі жасалынады. Құжаттарды қабылдап алу туралы акт екі данада жасалынады, актінің бір данасы кітапхананың құжаттарды толықтыру бөлімшесінде қалады, екінші данасы кітапхананың бухгалтериясына тапсырылады.

    Қолдан сыйға алынған құжаттарда ақау табылған жағдайда құжат қабылданбайды, жолдама хатпен немесе поштамен түскен құжаттарда ақау табылған жағдайда құжаттарды қабылдап алуға жауапты қызметкердің және кітапхана әкімшілігінің қатысуымен ақаулығы туралы акт осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалынады. Ақауы туралы акті екі данада жасалынады, актінің бір данасы кітапханада қалады, екінші данасы жолданым иесіне анықталған айырмашылықтардың, ақаулардың болуына байланысты құжаттарды қабылдаудың мүмкін еместігі туралы хабарламамен қоса кері жіберіледі;

    2) құжаттарды техникалық өңдеу, оған құжаттың бет жағына құжаттың шифры көрсетілген құлақшаны және қайтару мерзімі көрсетілген бақылау парақшасын жапсыру жатады;

    3) жеке есеп осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Инвентарлық кітапқа түскен құжат туралы мәліметтерді енгізу, құжатқа инвентарлық нөмір беру және кітапхананың мөрін қою арқылы жүзеге асырылады.

    7. Инвентарлық нөмір кітапхана қорына түскен көлемі 48 беттен аспайтын брошюралар мен мерзімді баспа басылымдарынан басқа әрбір құжатқа беріледі.

    8. Инвентарлық нөмір құжатқа оның кітапхана қорында болуының барлық мерзіміне бекітіледі және өзгертуге, түзетуге және алып тастауға болмайды.

    9. Инвентарлық нөмір берілгеннен кейін, құжаттың титулды бетінің бет жағында кітапхананың мөрі және мөрдің үстіңгі жағына инвентарлық нөмір қойылады.

    10. Көлемі 48 беттен аспайтын брошюралардың түсімі осы Нұсқаулықтың 6 тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжаттарды қабылдап алу туралы актіні жасау жолымен есепке алынады, ал мерзімді баспа басылымдары осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мерзімді баспа басылымның тіркеу карточкасын жасау жолымен есепке алынады.

    11. Кітапхананың кітапханалық қорына түсетін немесе одан шығарылатын құжаттардың барлық түрлерінің жиынтық есебі бір жолдама құжат (шот-фактура, жөнелтпе құжат, акт) бойынша партиямен жүзеге асырылады.

    Жиынтық есеп тоқсан, күнтізбелік жылдың қортындысы бойынша кітапханалық қордың құрамы және ондағы болып жатқан барлық өзгерістер туралы мәліметтерді жинау жолымен, сонымен қатар осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Жиынтық есеп кітабын жүргізуді қамтиды.

    3-тарау. Құжаттарды кітапхана қоры есебінен шығару

    12. Құжаттар, кітапхананың сирек қорындағы құжаттардан басқасы есептен шығарылуға жатады:

    1) көнеру және ақаулығы (пайдалануға жарамсыз болып қалған және жөндеу мен реставрациялауға келмейтін құжаттар), мазмұны жағынан ескіруі (өзінің өзектілігін, ғылыми, мәдени-тарихи маңыздылығын, танымдық және өндірістік құнын жоғалтқан, тәжірибелік қолдануға жарамсыз құжаттар) жағдайында осы Нұсқаулыққа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған есептен шығару туралы актінің негізінде пайдаға асыру жолымен;

    2) дублеттігі (құжаттардың қолданылмайтын артық, керексіз даналары), бейінсіздігі (кітапхананың тақырыбына сай келмейтін құжаттар) жағдайында басқа мемлекеттік ұйымға құжаттарды есептен шығару туралы актінің негізінде тегін (өтеусіз) тапсыру жолымен. Тапсыру осы Нұсқаулыққа 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада жасалынған тапсыру-қабылдап алу актісіне қол қою арқылы жүзеге асырылады: бір данасы кітапханада қалады, екіншісі қабылдап алатын мемлекеттік ұйымға тапсырылады;

    3) төтенше жағдайлар кезіндегі бүлінулер (авария, табиғи апат, өрт және басқалар) жағдайында тиісті мемлекеттік органдардың құжаттары негізінде;

    4) жоғалған жағдайда осы Нұсқаулыққа 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттың жоғалуы туралы актіні жасау жолымен.

    Мемлекеттік кітапханалардың

    кітапхана қорын есепке алу

    және есептен шығару

    жөніндегі нұсқаулыққа

    1-қосымша

    Нысан

    Бекітемін

    ______________________________________________________________________________ (мекеменің толық атауы, басшының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)

    _________________ (қолы)

    «_____» ___________________ 20____жыл

    Құжаттарды қабылдау туралы акті №______

    Осы акті 20____жылдың «___» ____________ екі данада, құрамында:

    1)____________________________________________________________;

    2)____________________________________________________________,

    (кітапхананың құжаттарды қабылдап алуға жауапты қызметкерінің және басшылығының қатысуымен)

    кітапханаға келесі құжаттардың қабылдануы туралы жасалды:

    Құжаттың авторы мен тақырыбы
    Даналар саны
    құжаттың бағасы (теңгеде)

    Құжаттар тізімі қосымша берілген:

    Осы актіні жасаушы тұлғалардың қолы 1)________________________;

    2)________________________.

    Құжаттарды тапсырған тұлғаның қолы ____________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), қолдары)

    Мемлекеттік кітапханалардың

    кітапхана қорын есепке алу

    және есептен шығару

    жөніндегі нұсқаулыққа

    2-қосымша

    Нысан

    Ақаулар туралы акті №______

    Осы акті 20____жылдың «_____» ___________________________ екі данада құрамында:

    1)__________________________________________________________________________; (актіні жасаған кітапхананың құжаттарды қабылдап алуға жауапты қызметкерінің және басшылықтың тегі, аты, әкесінің аты)

    2)__________________________________________________________________________,

    құжаттарды қабылдау кезінде:__________________________________________________, (құжаттар атауы, құжаттарды жіберушінің (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) атауы)

    _____________________________________________________________________________

    _____________________________________________________________________________

    __________________________________________________________________анықталғаны (құжаттардың анықталған ақаулары көрсетіледі) туралы жасалынды.

    Осы актіні жасаушы тұлғалардың қолы_________________________

    Мемлекеттік кітапханалардың

    кітапхана қорын есепке алу және

    есептен шығару жөніндегі

    нұсқаулыққа 3-қосымша

    Нысан

    Инвентарлық кітап

    Кітапхананың толық атауы:______________________________________

    _______________________________________________________________

    Кітапхананың құрылымдық бөлімшесі______________________________

    Жа­з­ба­ның мез­гі­лі
    Жиын­тық есе­бі кі­та­бын­да­ғы жа­з­ба­лар нө­мі­рі
    Ин­вен­тар­лық нө­мі­рі
    Құ­жат­тың ав­то­ры және та­қы­ры­бы (то­мы, бө­лі­мі, шы­ға­ры­лы­мы, ба­сы­лым ор­ны, жы­лы)
    Ба­ға­сы (сан­мен көр­се­ті­ле­ді, тең­ге­де)
    Мез­гі­лі мен нө­мі­рі
    Ес­кер­ту
    тек­се­ру ту­ра­лы акт
    есеп­тен шы­ға­ру ту­ра­лы акт
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    Осы инвентарлық кітапта _______ нөмірленген парақ бар.
    Мезгілі 20____жылдың «____» ________________
    Кітапхананың мөрі

    Мемлекеттік кітапханалардың

    кітапхана қорын есепке алу және

    есептен шығару жөніндегі

    нұсқаулыққа 4-қосымша

    Нысан

    Мерзімді баспа басылымдарының тіркеу карточкасы

    Га­зет /жур­нал/аль­ма­нах/бюл­ле­тень ата­уы
    Ба­сы­лым жы­лы
    Шы­ға­ры­лым нө­мір­ле­рі
    Қо­ры­тын­ды:

    Мемлекеттік кітапханалардың

    кітапхана қорын есепке алу және

    есептен шығару жөніндегі

    нұсқаулыққа 5-қосымша

    Нысан

    Жиынтық есеп кітабы

    1-бөлім «Құжаттардың түсімі»

    жа­з­ба кү­ні
    жа­з­ба нө­мі­рі рет бой­ын­ша
    тү­сім кө­зі, жол­да­ма құ­жат­тың нө­мі­рі және/ кү­ні
    бар­лық тус­кен құ­жат­тар
    Түс­кен құ­жат­тар
    Бас­па өнім­де­рі
    Мер­зім­ді бас­па ба­сы­лым­да­ры
    кі­тап­тар­дың са­ны
    кі­тап­тар­дың ба­ға­сы
    бро­шю­лар­дың са­ны
    бро­шю­ра­лар­дың ба­ға­сы
    бар­лық са­ны
    жур­нал­дар­дың са­ны
    га­зет­тер­дің са­ны ( жыл­дық жиын­тық­та)
    бар­лық са­ны
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    кестенің жалғасы
    Түс­кен құ­жат­тар
    Аудио­ви­зу­ал­ды ма­те­ри­ал
    Фо­но­құ­жат­тар са­ны
    бей­не­өқұ­жат­тар са­ны
    Фо­то­құ­жат­тар са­ны
    бас­қа­лар
    бар­лық са­ны
    13
    14
    15
    16
    17
    кестенің жалғасы
    Тіл­дер­де
    Тең­ге­рім­ге алын­ған бар­лық құ­жат­тар
    Маз­мұ­ны бой­ын­ша
    қа­зақ ті­лін­де
    орыс ті­лін­де
    шет тіл­дер­де
    дан­лар
    бар­лық со­ма­сы
    жа­ра­ты­лы­ста­ну-ғы­лы­ми
    тех­ни­ка­лық, ауы­л­ша­ру­а­шы­лық
    ме­ди­ци­на
    Қо­ғам­дық са­я­си
    тіл бі­лі­мі
    әде­би­ет­та­ну, көр­кем
    өнер
    бас­қа са­ла­лар
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30

    2-бөлім «Құжаттарды есептен шығару»

    жа­з­ба кү­ні
    жа­з­ба нө­мі­рі ре­ті
    есеп­тен шы­ға­ру ту­ра­лы ак­ті­нің нө­мі­рі, кү­ні
    есеп­тен шы­ға­ры­л­ған құ­жат­тар­дың бар­лы­ғы
    Есеп­тен шы­ға­ры­л­ған құ­жат­тар
    Бас­па өнім­де­рі­нің са­ны
    Мер­зім­ді бас­па ба­сы­лым­дар­дың са­ны
    Аудио­ви­зу­ал­ды ма­те­ри­ал­дар­дың са­ны
    кі­тап­тар
    бро­шю­ра­лар
    жур­нал­дар
    га­зет­тер (жыл­дық жиын­тық­тар)
    есеп­тен шы­ға­ру се­беп­те­рі
    бей­не­өқұ­жат­тар
    Фо­то­құ­жат­тар
    бас­қа­лар
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    кестенің жалғасы
    Есеп­тен шы­ға­ры­л­ған құ­жат­тар
    Тіл­дер­де
    Есеп­тен шы­ға­ру се­беп­те­рі
    қа­зақ ті­лін­де
    орыс ті­лін­де
    шет тіл­дер­де
    есеп­тен шы­ға­ру се­беп­те­рі
    13
    14
    15
    16
    кестенің жалғасы
    Бар­лық тең­ге­рі­мнен алын­ған­дар
    Маз­мұ­ны бой­ын­ша
    да­на­ла­ры
    жал­пы со­ма­сы
    жа­ра­ты­лы­ста­ну-ғы­лы­ми
    тех­ни­ка­лық, ауы­л­ша­ру­а­шы­лық
    ме­ди­ци­на
    қо­ғам­дық-са­я­си
    тіл бі­лі­мі
    әде­би­ет­та­ну, көр­кем
    өнер
    бас­қа­лар
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25

    3-бөлім «Кітапхана қорлары қозғалысының қорытындысы»

    Кі­та­п­ха­на қо­ры қоз­ға­лы­сы­ның ке­зең­де­рі­нің қо­ры­тындысы
    Бар­лық құ­жат­тар
    Құ­жат­тар­дың жал­пы со­ма­сы
    Құ­жат­тар­дың қоз­ға­лы­сы
    Бас­па өнім­де­рі­нің са­ны
    Мер­зім­ді бас­па ба­сы­лым­дар­дың са­ны
    Аудио­ви­зу­ал­ды ма­те­ри­ал­дар­дың са­ны
    кі­тап­тар
    бро­шю­ра­лар
    жур­нал­дар
    га­зет­тер
    есеп­тен шы­ға­ру се­беп­те­рі
    бей­не­өқұ­жат­тар
    Фо­то­құ­жат­тар
    бас­қа­лар
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    12
    01.01.20__ жы­лы құ­ра­ды
    Тоқ­сан­да түс­ке­ні
    Тоқ­сан­да шы­ға­ры­л­ға­ны
    Тоқ­сан со­ңын­да құ­ра­ды
    31.12.20__ жы­лы құ­ра­ды
    кестенің жалғасы
    Тіл­дер­де
    Тең­ге­рім­ге қа­был­дан­ға­ны
    Маз­мұ­ны бой­ын­ша
    қа­зақ ті­лін­де
    орыс ті­лін­де
    шет тіл­дер­де
    да­на­лар­дың са­ны
    бар­лық со­ма­сы
    жа­ра­ты­лы­ста­ну-ғы­лы­ми
    тех­ни­ка­лық, ауы­л­ша­ру­а­шы­лық
    ме­ди­ци­на
    қо­ғам­дық-са­я­си
    тіл бі­лі­мі
    әде­би­ет­та­ну, көр­кем
    өнер
    бас­қа са­ла­лар
    13
    14
    15
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26

    Мемлекеттік кітапханалардың

    кітапхана қорын есепке алу

    және есептен шығару

    жөніндегі нұсқаулыққа

    6-қосымша

    Нысан

    Құжаттарды есептен шығару туралы акті №______

    Осы акті 20____жылдың «_____» _______________________________________ құрамында

    комиссия төрағасы мен мүшелерімен:______________________________________________

    _______________________________________________________________________________ (комиссия төрағасы мен мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) және лауазымы)

    келесі құжаттарды есептен шығару туралы жасалды:

    Құ­жат­тың ав­то­ры мен та­қы­ры­бы
    Ин­вен­тар­лық нө­мі­рі
    Са­ны
    Құ­жат са­ла­сы
    Ба­стап­қы құ­ны
    Қал­дық құ­ны
    Жүк­теу

    __________теңге сомасына_______________________________себебі бойынша (есептен шығару себебін көрсету)

    Осы актіні жасаушы тұлғалардың қолы 1)________________________;

    2)________________________.

    Мемлекеттік кітапханалардың

    кітапхана қорын есепке алу

    және есептен шығару

    жөніндегі нұсқаулыққа

    7-қосымша

    Нысан

    Бекітемін

    __________________________________________________________________ (мекеменің толық атауы, басшының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)

    _________________ (қолы)

    «_____» ___________________ 20____жыл

    Құжаттарды тапсыру-қабылдау туралы акті

    Осы акті 20____жылдың «_____» _____________ бір жағынан_____________________

    ________________________________________________, екінші жаққа ______________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) және лауазымы)

    __________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) және лауазымы)

    ________________________________________________________________теңгерімінен (мекеменің толық атауы)

    _________________________________________________________________теңгеріміне (мемлекеттік ұйымның толық атауы)

    келесі құжатты (тарды):

    Құ­жат­тың ав­то­ры мен та­қы­ры­бы
    Ин­вен­тар­лық нө­мі­рі
    Са­ны
    Құ­жат са­ла­сы
    Ба­стап­қы құ­ны
    Қал­дық құ­ны

    _____________________________________________________________сомаға (теңгемен) тапсыру туралы акт жасалды.

    Негіздеме:___________________________________________________________________. (хаттың авторы, күні мен нөмірі, құжатты есептен шығару туралы актінің күні мен нөмірі

    Тапсыратын жақтың қолдары: ________________________

    Қабылдайтын жақтың қолдары: _______________________

    Мемлекеттік кітапханалардың

    кітапхана қорын есепке алу

    және есептен шығару жөніндегі

    нұсқаулыққа 8-қосымша

    Нысан

    Бекітемін

    _________________________________________ (мекеменің толық атауы, басшының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)

    _________________ (қолы)

    «_____» ___________________ 20____жыл

    Құжаттың жоғалуы туралы акт № ___

    Осы акті 20____жылдың «_____» ___________________ құрамында:

    __________________________________________________________________ (актіні жасаушы тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) және лауазымы)

    ____________________________________________________________________________ (мекеменің жоғалған құжатын пайдаланушысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)

    мекемеге тиеселі келесі құжаттардың:

    Құ­жат­тың ав­то­ры, та­қы­ры­бы
    Ин­вен­тар­лық нө­мі­рі
    Ба­ға­сы*
    Да­на са­ны

    ______________________ тенге сомасына, ___________________ себебімен жоғалғаны туралы жасалды.

    Мен,_______________________________________________________________________ (мекеменің жоғалған құжатын пайдаланушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)

    келтірілген материалдық залалдың орнын құжатты қалпына келтіру жолымен өтеймін ____________________________________________________________________ (кітапхананың жоғалған құжатын пайдаланушының қолы)

    Осы актіні жасаушы тұлғалардың қолы: __________________________________________

    _____________________________________ орнына келесі құжатты (-тарды) қабылдайды (мекеменің толық атауы)

    Құжаттың авторы, тақырыбы
    Дана саны
    Бағасы
    Мекеменің жоғалған құжатын пайдаланушының қолы:____________________
    Осы актіні жасаушы тұлғалардың қолы: ______________________________
    Ескерту.
    Құжат бағасы құжаттарды қабылдау туралы актіге сәйкес көрсетіледі.
    Сомасы құжаттың нарықтық бағасының көлемінде белгіленеді.
    Мазмұны және пішіні бойынша тең бағалы болып табылатын құжат.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.