«Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 29 наурыздағы № 71 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 28 наурыз 2025 ж.

    «Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 29 наурыздағы № 71 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 29 наурыздағы № 71 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

    жоғарыда көрсетілген қаулының қосымшасындағы 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «10. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылары осы облыстық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарына 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларда көрсетілген санаттар бойынша Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының шешімі бойынша белгіленеді.»;

    облыстық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарында:

    4-қосымша осы қаулының 1-қосымшасы на сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    осы қаулының 2-қосымшасы на сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.

    2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

    1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін электронды түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

    2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

    Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің міндетін атқарушы

    М. Тасмағанбетов

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Солтүстік Қазақстан

    облыстық мәслихаты

    Солтүстік Қазақстан

    облысы әкімдігінің

    2025 жылғы «28» наурыз

    № 85 қаулысына

    1-қосымша

    Облыстық бюджеттен

    қаржыландырылатын ұйымдар

    қызметкерлерінің лауазымдық

    жалақыларына ынталандыру

    үстемеақыларын белгілеу

    тәртібі мен шарттарына

    4-қосымша

    Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, «Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ақжар ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Аққайың ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Есіл ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Жамбыл ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мағжан Жұмабаев ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Қызылжар ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мамлют ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Тайынша ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Тимирязев ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Уәлиханов ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Шал ақын ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Петропавл қаласының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дін істері басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмылдыру даярлығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің экономика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің С (әкімшілік персонал), D (қосалқы персонал) блоктарына жататын жұмыскерлерінің және жұмысшылардың (біліктілік разряды) лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылары

    Ла­у­а­зым­дар­дың то­лық жа­зы­луы (ата­уы)
    Ла­у­а­зым­дық ай­лы­қа­қы­ға үсте­ме­а­қы
    1
    2
    жүр­гі­зу­ші
    100%
    ар­хи­ва­ри­ус
    50%
    вах­та­шы
    50%
    аула та­за­ла­у­шы
    50%
    қо­ғам­дық қа­был­дау бөл­ме­сі­нің мең­ге­ру­ші­сі
    50%
    ша­ру­а­шы­лық мең­ге­ру­ші­сі
    50%
    ин­спек­тор (өт­кі­зу ре­жи­мі­нің, өт­кі­зу бю­ро­сы­ның)
    50%
    об­лыс әкі­мі­нің ин­спек­то­ры
    50%
    іс жүр­гі­зу жө­нін­де­гі ин­спек­тор (тап­сыр­ма­лар­дың орын­да­луын ба­қы­лау жө­нін­де­гі), іс жүр­гі­зу­ші
    50%
    қой­ма­шы
    50%
    ко­мен­дант
    50%
    от жа­ғу­шы
    50%
    ку­рьер
    50%
    әдіс­кер
    50%
    ком­пью­тер­лік тех­ни­ка (бағ­дар­ла­ма­лар) опе­ра­то­ры
    50%
    кө­ші­ру-кө­бей­ту ма­ши­на­ла­ры­ның опе­ра­то­ры
    50%
    кө­мек­ші жұ­мыс­шы
    50%
    аудар­ма ре­дак­то­ры
    50%
    қо­ғам­дық ке­ңес хат­шы­сы
    50%
    бас­шы­ның хат­шы­сы
    50%
    те­мір ұста­сы-сан­тех­ник
    50%
    ста­тист
    50%
    ста­ти­стик
    50%
    кү­зет­ші
    50%
    қыз­мет­тік үй-жай­лар­ды та­за­ла­у­шы
    50%
    электр жаб­дық­тар­ды жөн­деу және қыз­мет көр­се­ту жө­нін­де­гі электр мон­те­рі
    50%

    Солтүстік Қазақстан

    облысы әкімдігінің

    2025 жылғы «28» наурыз

    № 85 қаулысына 2-қосымша

    Облыстық бюджеттен

    қаржыландырылатын ұйымдар

    қызметкерлерінің лауазымдық

    жалақыларына ынталандыру

    үстемеақыларын белгілеу

    тәртібі мен шарттарына

    5-қосымша

    «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Қызылжар су қоймалары» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылары

    Ла­у­а­зым­дар­дың то­лық жа­зы­луы (ата­уы)
    Ла­у­а­зым­дық ай­лы­қа­қы­ға үсте­ме­а­қы
    1
    2
    ди­рек­тор
    100%
    ди­рек­тор­дың орын­ба­са­ры
    100%
    гид­ро­тех­ник ин­же­нер
    100%
    қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка­сы ин­же­не­рі
    100%
    гид­ро­метр ин­же­нер
    100%
    жо­ба­ла­у­шы ин­же­нер
    100%

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.