Қостанай қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10-тармағына, «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 181 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33110 болып тіркелген), Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай қаласы бойынша хостелдерді, қонақжайларды және жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелері болу құнынан 0 (нөл) пайыз мөлшерінде бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы
О. Байгабулов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.