«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарындағы кадр саясатын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 998 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 28 наурыз 2025 ж.

    «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарындағы кадр саясатын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 998 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙРАМЫН:

    1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарындағы кадр саясатын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 998 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12679 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына қызметке кандидаттың кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу қағидалары мен әдістері;»;

    Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында кәсіби құзыреттерді, негізгі көрсеткіштерді айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін есептеу қағидалары мен әдістері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

    3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаментіне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі

    Е. Саденов

    Қазақстан Республикасы

    ішкі істер министрі

    2025 жылғы 28 наурыздағы

    № 228 бұйрығына

    қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Ішкі істер министрінің

    2015 жылғы 7 желтоқсандағы

    №998 бұйрығына

    2-қосымша

    Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына қызметке кандидаттың кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу қағидалары мен әдістері

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына қызметке кандидаттың кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу қағидалары мен әдістері (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына (бұдан әрі – ІІО) қызметке кандидаттың кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу тәртібі мен әдістерін белгілейді.

    2. Осы Қағидаларда қолданатын негізгі ұғымдар:

    1) лауазымдық талаптар – лауазымның біліктілік талаптары, негізгі тиімділік көрсеткіштері, қызметке кандидаттың бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштері (цифрлық рейтингі);

    2) синтез әдісі – объектілерді, құбылыстарды (процестерді) және мөлшерлерді біріктіру тәсілдері мен заңдылықтар жиынтығы;

    3) талдау әдісі – объектілердің, құбылыстардың (процестердің) және мөлшерлердің құрылымдық бөліктерге бөлудің тәсілдер мен заңдылықтар жиынтығы;

    4) ІІО-ға қызметке кандидаттардың кәсіби құзыреттерінің үлгілік моделі – әрбір құзыреттің мазмұнын сипаттай, әрбір құзыретке сәйкес келуіне кандидатты бағалау нысандарын сипаттай отырып, ІІО-ға қызметке кандидаттың меңгеруі тиіс кәсіби құзыреттердің құрылымдық ресімделген тізбесі.

    2-тарау. Кәсіби құзыреттерді айқындау тәртібі мен әдістері

    3. ІІО жүйесіндегі кәсіби құзыреттер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ІІО-ға қызметке кандидаттардың кәсіби құзыреттерінің тізбесімен (бұдан әрі – кәсіби құзыреттердің тізбелері) айқындалады.

    Кәсіби құзыреттердің тізбелері талдау және синтез әдістерін қолдана отырып әзірленген.

    4. Кәсіби құзыреттердің тізбелері негізінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ІІО-ға қызметке кандидаттардың кәсіби құзыреттерінің үлгілік моделі айқындалған.

    5. Кәсіби құзыреттердің үлгілік модельдері негізінде ІІО-ға қызметке кандидаттардың кәсіби құзыреттерінің деңгейін бағалау жүзеге асырылады.

    ІІО-ға қызметке кандидат «Құзыреттің сипаттамасы» деген бағандағы әрбір ұстанымы бойынша «ІІО-ға қызметке кандидатты құзыретке сәйкес келуіне тексеру нысаны» бағандағы бағалаудың тиісті нысаны бойынша бағаланады. Бағалау нәтижесінде ІІО-ға қызметке кандидаттың көрсеткен білімдерінің, машықтарының және дағдыларының сапасына (деңгейіне) байланысты «Баға» бағанында «1»-ден «5»-ке дейін балл қойылады, мұнда: «1» - «қанағаттанарлықсыз» деген баға, «2» - «нашар» деген баға, «3» - «қанағаттанарлық» деген баға, «4» - «жақсы» деген баға, «5» - «өте жақсы» деген баға.

    Әрбір ұстаным бойынша бағалар сомасы ІІО-ға қызметке кандидаттың кәсіби құзыретінің жалпы бағасының сандық мәнін құрайды.

    ІІО-ға қызметке кандидаттың кәсіби құзыретінің деңгейін жалпы бағалаудың пайыздық мәні мынадай формуламен есептеледі:

    КҚ = (С * 100) / Б

    мұнда,

    КҚ – пайыздық мәндегі кәсіби құзыреті деңгейінің жалпы бағасы,

    С – сандық мәндегі кәсіби құзыреті деңгейінің жалпы бағасы,

    Б – сандық мәндегі кәсіби құзыретінің деңгейін бағалаудағы ең жоғарғы ықтимал балы.

    6. ІІО-ға қызметке кандидаттың кәсіби құзыретінің деңгейі, егер оның пайыздық мәндегі бағасы 90 % және одан көп құрайтын болса, онда ол жоғары болып танылады.

    Кәсіби құзыретінің деңгейі, егер оның пайыздық мәндегі бағасы 70 %-дан 89,9 %-ға дейін құрайтын болса, онда ол орташа болып есептеледі.

    Кәсіби құзыретінің деңгейі, егер оның пайыздық мәндегі бағасы 50 %-дан 69,9 %-ға дейін құрайтын болса, онда ол төмен болып танылады.

    Кәсіби құзыретінің деңгей, егер оның пайыздық мәндегі бағасы 50 %-дан төмен болса, онда ол қанағаттанарлықсыз болып танылады.

    7. ІІО-ға қызметке кандидатты қабылдау кезінде кәсіби құзыреттілік деңгейін бағалау кәсіби құзыреттіліктің үлгілік моделі негізінде жүзеге асырылады.

    3-тарау. Негізгі көрсеткіштерін анықтау тәртібі

    8. ІІО-ға қызметке кандидаттар үшін негізгі көрсеткіштерінің бірыңғай жүйесі белгіленеді.

    ІІО-ға қызметке кандидаттардың негізгі көрсеткіштері жүйесі мыналардан құралады:

    1) тиісті білім деңгейінің болуы;

    2) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда орта басшы құрам лауазымына кандидаттарға арналған тестілеу нәтижелері;

    3) әскери-дәрігерлік комиссиясының ішкі істер органдарында қызметке жарамдылық қорытындылары.

    ІІО қызметіне кандидаттың негізгі көрсеткіші санмен есептеледі және ішкі істер органдарына қызметке кандидатты қабылдау шешімдерін қабылдау үшін негіз болып табылады.

    4-тарау. Ішкі істер органдарына қызметке кандидаттың бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) анықтау және есептеу тәртібі

    9. ІІО-ға қызметке кандидат үшін бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші (цифрлық рейтингі) мынадай өлшемшарттар негізінде белгіленеді:

    тиісті білім деңгейінің болуы;

    әскери қызмет өтілі;

    орта басшы құрам лауазымына кандидаттар үшін тестілеу нәтижелері бойынша дұрыс жауаптарының орташа саны («Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидаларын, бағдарламаларын және оны ұйымдастыруды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 1 бұйрығының талаптарына сәйкес берілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тесттен өткені туралы сертификаттың деректері негізінде) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14317 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 1 бұйрығы);

    жеке қасиеттерін бағалау нәтижелері (№ 1 бұйрықтың талаптарына сәйкес берілген құқық қорғау қызметінің лауазымдарына кандидаттың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу нәтижелері бойынша қорытындының деректері негізінде);

    спорттық разряды.

    10. ІІО-ға қызметке кандидаттың бәсекеге қабілеттілігінің әрбір өлшемшартына (цифрлық рейтинг) үлестік мән беріледі.

    ІІО-ға қызметке кандидаттың бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші (цифрлық рейтингі) мынадай формула бойынша есептеледі:

    КБҚК = k1+ k2 + k3+ k4+ k5+ k6+ k7

    мұнда, КБҚК – ІІО-ға қызметке кандидаттың бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші (цифрлық рейтингі), k – ІІО-ға қызметке кандидаттың бәсекеге қабілеттілік өлшемшарттары (цифрлық рейтингі) бойынша үлестік мәні.

    11. ІІО-ға қызметке кандидаттың бәсекеге қабілеттілік өлшемшарттарының (цифрлық рейтингі) үлестік мәндері.

    Білім деңгейі «k1»:

    орта білімі («5» үлестік мәні);

    орта білімнен кейінгі білімі («10» үлестік мәні);

    жоғары білімі («15» үлестік мәні);

    жоғары білімнен кейінгі білімі («20» үлестік мәні).

    Білімі туралы құжаты бойынша орта бағасы «k2»:

    қанағаттанарлық («3» үлестік мәні);

    жақсы («4» үлестік мәні);

    өте жақсы («5» үлестік мәні).

    Әскери қызмет өтілі "k3":

    мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуы немесе кейінге қалдырылуы («0» үлестік мәні);

    əскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлықтан өтуі («5» үлестік мәні);

    мерзімді әскери қызметті өткеруі («10» үлестік мәні);

    азаматтардың запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлығы («15» үлестік мәні).

    Тестілеу нәтижесі бойынша дұрыс жауаптарының орташа саны «k4»:

    5-тен 8-ге дейін («5» үлестік мәні);

    9-дан 12-ге дейін («10» үлестік мәні);

    13 және одан жоғары («15» үлестік мәні).

    Жеке қасиеттерін бағалау нәтижелері «k5»: ІІО-ға қызметке кандидат жеке қасиеті бойынша «қатерлі аймақта» бағалау нәтижесін алған жағдайда («жемқорлыққа төзбеу» жеке қасиетін қоспағанда) үлестік мәні «-5» құрайды. «Қатерлі аймақтан» жоғары бағалау нәтижесін алған кезде – әрбір жеке қасиеті бойынша үлестік мәні «5» құрайды. Осы өлшемшарт бойынша есептеу кезінде ІІО-ға қызметке кандидат үміттенген лауазым санатына арналған бағдарламада көзделген жеке қасиеттерін бағалау нәтижелері есепке алынады.

    ІІО-ға қызметке кандидат «жемқорлыққа төзбеу» жеке қасиеті бойынша «қатерлі аймақта» бағалау нәтижесін алған жағдайда үлестік мәні «-10» құрайды.

    Дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер тапсыру нәтижелері бойынша баға «k6»:

    қанағаттанарлық («5» үлестік мәні);

    жақсы («10» үлестік мәні);

    өте жақсы («15» үлестік мәні).

    Спорттық разряды «k7»:

    «спорт шеберлігіне кандидаттан» төмен емес спорттық разрядының болуы («5» үлестік мәні).

    12. ІІО-ға қызметке кандидаттың бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші (цифрлық рейтингін) ІІО-ға қызметке кандидаттардың бағалау сәтіндегі рейтингін анықтайды.

    ІІО-ға қызметке кандидаттың бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) конкурстық комиссия өткізетін әңгімелесуге дейін ІІО-ның кадр қызметі есептейді.

    ІІО-ға қызметке кандидаттың бәсекеге қабілеттілік көрсеткішінің (цифрлық рейтингін) есебі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ІІО-ға қызметке кандидаттың бәсекеге қабілеттілігін бағалау парағында көрсетіледі.

    ІІО-ға қызметке кандидаттың бәсекеге қабілеттілігінің әрбір өлшемшарты (цифрлық рейтингі) бойынша ІІО-ға қызметке кандидаттың бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеген кезде тек бір ұстаным ескеріледі. ІІО-ға қызметке кандидаттың бәсекеге қабілеттілігінің бір өлшемшарты (цифрлық рейтингі) бойынша екі немесе одан көп ұстанымы болған кезде, жоғары бағалау нәтижелері бойынша ұстаным ескеріледі.

    Қазақстан Республикасы

    ішкі істер органдарына қызметке

    кандидаттардың кәсіптік құзыреттерін,

    негізгі көрсеткіштерін айқындау

    және бәсекеге қабілеттілік

    көрсеткішін (цифрлық рейтингін)

    есептеу қағидалары мен әдістеріне

    1-қосымша

    ІІО-ға қызметке кандидаттардың кәсіби құзыреттерінің тізбесі

    Құ­зы­рет­тің ата­уы
    Құ­зы­рет­тің си­патта­ма­сы
    1
    Кә­сі­би са­у­ат­ты­лық
    ІІО-ның қыз­ме­тін ре­гла­мент­тей­тін нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін бі­лу, тү­сі­ну.
    Құ­пи­я­лы­лық ре­жи­мі­нің та­лап­та­рын бі­лу және тү­сі­ну.
    Оқы­ту ба­ры­сын­да ал­ған бі­лім­де­рі мен ма­шық­та­рын прак­ти­ка­да қол­да­на бі­лу.
    ІІО қыз­мет­ке­рі­нің қыз­мет­тік мін­дет­те­рін ти­ім­ді орын­дау үшін қа­жет­ті са­у­ат­ты ауыз­ша сөй­леу ті­лі­нің дағ­ды­ла­рын мең­ге­ру.
    Ат­қа­рып отыр­ған ла­у­а­зым­да іс қа­ға­з­да­рын ти­ім­ді жүр­гі­зу үшін қа­жет­ті жа­з­ба ті­лі­нің дағ­ды­ла­рын мең­ге­ру.
    ІІО қыз­мет­ке­рі­нің қыз­мет­тік мін­дет­те­рін орын­дау үшін қа­жет­ті ақ­па­рат­тық тех­но­ло­ги­я­лар са­ла­сын­да­ғы бі­лі­мі және дағ­ды­ла­ры.
    2
    Тәр­тіп­ті­лік (ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық, орын­да­у­шы­лық)
    Қыз­мет­тік мін­дет­тің орын­да­луын са­у­ат­ты жос­пар­лау, қыз­мет­тік уа­қыт­ты ти­ім­ді, нәти­же­лі пай­да­ла­ну қа­бі­ле­ті.
    3
    Са­па­ға бағ­дар­ла­ну
    Қыз­мет­тік мін­дет­ті тү­сі­ну қа­бі­ле­ті.
    Іс-ша­ра­ның мақ­са­ты­на ти­ім­ді қол жет­кі­зу үшін қа­жет­ті және жет­кі­лік­ті қыз­мет­тік мін­дет­ті орын­дау ба­ғы­ты мен ке­зең­де­рін анық­тау қа­бі­ле­ті.
    4
    Ын­ты­мақ­та­стық (қыз­мет­тік мін­дет­тер­ді топ­пен орын­дау)
    Өза­ра және қыз­мет­тік мін­дет­ті топ­пен (ұжым­мен) орын­да­у­ға қа­ты­са­тын бас­қа қыз­мет­кер­лер ара­сын­да ба­ғыт­тар­ды және жұ­мыс учас­ке­ле­рін ұтым­ды және так­ти­ка­лық са­у­ат­ты бө­лу қа­бі­ле­ті.
    5
    Дене шы­нық­ты­ру және жа­уын­гер­лік да­яр­лық
    Кә­сі­би мін­дет­тер­ді орын­дау үшін қа­жет­ті дене жүк­те­ме­ле­ріне тө­зу қа­бі­ле­ті.
    6
    Күй­зе­ліс­ке тө­зім­ді­лі­гі
    Күр­де­лі күй­зе­ліс жағ­дай­ла­рын­да эмо­ци­я­лар­ды ба­қы­лау, са­на ай­қынды­ғы мен жі­гер­лі қа­бі­лет­те­рін сақ­тау қа­бі­ле­ті.
    7
    Ерекше жағ­дай­лар­да қыз­мет өт­ке­ру­ге әзір­лік
    Тө­тен­ше неме­се со­ғыс жағ­дай­ла­рын­да, жап­пай тәр­тіп­сіз­дік­тер ба­ры­сын­да, тер­ро­ризм­ге қар­сы опе­ра­ция жүр­гі­зу ке­зін­де, қа­ру­лы жан­жал жағ­дай­ла­рын­да ІІО-ның қыз­ме­тін ре­гла­мент­тей­тін нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін бі­лу және тү­сі­ну.
    8
    Кә­сі­би әдеп­ті­лік және ІІО-ның кор­по­ра­тив­тік мә­де­ни­е­тін ұста­у­шы­лық
    «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ші­ле­рі­нің әдеп­ті­лік нор­ма­ла­рын және мі­нез-құлық қа­ғи­да­ла­рын одан әрі же­тіл­ді­ру жө­нін­де­гі ша­ра­лар ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің 2015 жы­л­ғы 29 жел­тоқ­сан­да­ғы № 153 Жар­лы­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ші­ле­рі­нің әдеп ко­дек­сі­нің (бұ­дан әрі - Әдеп ко­дек­сі) нор­ма­ла­рын бі­лу және тү­сі­ну. Бай­сал­ды­лық, әдеп­ті­лік және Әдеп ко­дек­сі­нің бас­қа да та­лап­та­рын көр­се­ту қа­бі­ле­ті.
    ІІО ими­дж­дік са­я­са­ты­ның ере­же­ле­рін бі­лу және тү­сі­ну.
    ІІО қыз­мет­тік эти­ка­сы­ның, құ­пи­я­лы­лық ре­жи­мі­нің және ими­дж­дік са­я­са­ты­ның та­лап­та­рын сақ­тай оты­рып, ха­лық өкіл­де­рі­мен (ар­найы кон­тин­гент­пен) жал­пы және ар­найы қыз­мет­тік мә­се­ле­лер бой­ын­ша ауыз­ша бай­ла­ны­ста бо­лу (әң­гі­ме­ле­су) қа­бі­ле­ті.

    Қазақстан Республикасы

    ішкі істер органдарына қызметке

    кандидаттардың кәсіптік құзыреттерін,

    негізгі көрсеткіштерін айқындау

    және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін

    (цифрлық рейтингін) есептеу

    қағидалары мен әдістеріне

    ІІО-ға қызметке кандидаттардың кәсіби құзыреттерінің үлгілік моделі

    Құ­зы­рет­тің ата­уы
    Құ­зы­рет­тің си­патта­ма­сы
    Қыз­мет­ке кан­ди­дат­ты құ­зы­рет­ке сәй­кес ке­лу­іне тек­се­ру ны­са­ны
    Ба­ға
    1
    Кә­сі­би са­у­ат­ты­лық
    ІІО-ның қыз­ме­тін ре­гла­мент­тей­тін нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін бі­лу, тү­сі­ну.
    Құ­пи­я­лы­лық ре­жи­мі­нің та­лап­та­рын бі­лу және тү­сі­ну.
    Оқы­ту ба­ры­сын­да ал­ған бі­лім­де­рі мен ма­шық­та­рын прак­ти­ка­да қол­да­на бі­лу.
    ІІО қыз­мет­ке­рі­нің қыз­мет­тік мін­дет­те­рін ти­ім­ді орын­дау үшін қа­жет­ті са­у­ат­ты ауыз­ша сөй­леу ті­лі­нің дағ­ды­ла­рын мең­ге­ру.
    Ат­қа­рып отыр­ған ла­у­а­зым­да іс қа­ға­з­да­рын ти­ім­ді жүр­гі­зу үшін қа­жет­ті жа­з­ба ті­лі­нің дағ­ды­ла­рын мең­ге­ру.
    ІІО қыз­мет­ке­рі­нің қыз­мет­тік мін­дет­те­рін орын­дау үшін қа­жет­ті ақ­па­рат­тық тех­но­ло­ги­я­лар са­ла­сын­да­ғы бі­лі­мі және дағ­ды­ла­ры.
    Те­сті­ле­уден өту
    Те­сті­ле­уден өту
    Қыз­мет­тік жағ­дай­дың үл­гі­сін жа­сап шы­ғар­ған мы­са­лын­да қыз­мет­тік мін­дет­ті ти­ім­ді орын­дау үшін қа­жет­ті кә­сі­би іс-қи­мыл­да­рын орын­дау тәр­ті­бін ба­ян­дау және тү­сін­ді­ру.
    Әң­гі­ме­ле­су ке­зін­де ауыз­ша сөй­леу дағ­ды­ла­рын көр­се­ту.
    Бо­лжа­на­тын ла­у­а­зым­да көз­дел­ген мін­дет­тер ше­гін­де жа­з­ба­ша тап­сыр­ма­ны орын­дау.
    Те­сті­ле­уден өту
    2
    Тәр­тіп­ті­лік (ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық, орын­да­у­шы­лық)
    Қыз­мет­тік мін­дет­тің орын­да­луын са­у­ат­ты жос­пар­лау, қыз­мет­тік уа­қыт­ты дұ­рыс, ти­ім­ді пай­да­ла­ну қа­бі­ле­ті.
    Қыз­мет­тік жұ­мысын жос­пар­ла­у­ға жал­пы әді­сте­рі мен қа­ғи­дат­та­рын ба­ян­дау және дәлел­деу.
    Осы көр­сет­кіш­ке сәй­кес ке­лу­іне ба­ға­лау пси­хо­фи­зио­ло­ги­я­лық ку­әлан­ды­ру және си­паттай­тын ма­те­ри­ал­дар негі­зін­де жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    3
    Са­па­ға бағ­дар­ла­ну
    Қыз­мет­тік мін­дет­ті дұ­рыс және нақ­ты тү­сі­ну қа­бі­ле­ті.
    Қыз­мет­тік жағ­дай­дың үл­гі­сін жа­сап шы­ғар­ған мы­са­лын­да қыз­мет­тік мін­де­ті­нің мақ­са­ты мен маз­мұ­нын ба­ян­дау және тү­сін­ді­ру.
    Іс-ша­ра­ның мақ­са­ты­на ти­ім­ді қол жет­кі­зу үшін қа­жет­ті және жет­кі­лік­ті қыз­мет­тік мін­дет­ті орын­дау ба­ғы­ты мен ке­зең­де­рін анық­тау қа­бі­ле­ті.
    Қыз­мет­тік жағ­дай­дың үл­гі­сін жа­сап шы­ғар­ған мы­са­лын­да қыз­мет­тік мін­дет­тің мақ­са­ты мен маз­мұ­нын ба­ян­дау және тү­сін­ді­ру. Қыз­мет­тік жағ­дай­дың үл­гі­сін жа­сап шы­ғар­ған мы­са­лын­да қыз­мет­тік мін­дет­ті орын­дау ба­ғыт­та­рын, тә­сіл­де­рін (әді­сте­рін) және ке­зең­де­рін ба­ян­дау және тү­сін­ді­ру.
    4
    Ын­ты­мақ­та­стық (қыз­мет­тік мін­дет­тер­ді топ­пен орын­дау)
    Өза­ра және қыз­мет­тік мін­дет­ті топ­пен (ұжым­мен) орын­да­у­ға қа­ты­са­тын бас­қа қыз­мет­кер­лер ара­сын­да ба­ғыт­тар­ды және жұ­мыс учас­ке­ле­рін дұ­рыс және так­ти­ка­лық са­у­ат­ты бө­лу қа­бі­ле­ті.
    Қыз­мет­тік жағ­дай­дың үл­гі­сін жа­сап шы­ғар­ған мы­са­лын­да өза­ра және бас­қа қыз­мет­кер­лер ара­сын­да жұ­мыс учас­ке­ле­рі мен ба­ғыт­та­рын бө­ле оты­рып, тап­сыр­ма­ны топ­пен орын­да­уды ұй­ым­да­сты­ру сыз­ба­сын ба­ян­дау және көр­се­ту.
    5
    Дене шы­нық­ты­ру және жа­уын­гер­лік да­яр­лық
    Кә­сі­би құ­зы­рет­тер­ді орын­дау үшін қа­жет­ті дене жүк­те­ме­ле­ріне тө­зу қа­бі­ле­ті.
    Дене шы­нық­ты­ру да­яр­лы­ғы бой­ын­ша сы­нақ­тар­ды орын­дау (кә­сі­би қыз­мет­тік және дене шы­нық­ты­ру да­яр­лы­ғын ре­гла­мент­тей­тін ІІМ-нің нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­ріне сәй­кес ба­ға­ла­на­ды).
    6
    Күй­зе­ліс­ке тө­зім­ді­лі­гі
    Күр­де­лі күй­зе­ліс жағ­дай­ла­рын­да эмо­ци­я­лар­ды ба­қы­лау, са­на ай­қынды­ғы мен жі­гер­лі­гін сақ­тау қа­бі­ле­ті.
    Осы көр­сет­кіш­ке сәй­кест­і­гін ба­ға­лау пси­хо­фи­зио­ло­ги­я­лық ку­әлан­ды­ру және си­паттай­тын ма­те­ри­ал­дар негі­зін­де жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    7
    Ерекше жағ­дай­лар­да қыз­мет өт­ке­ру­ге әзір­лі­гі
    Тө­тен­ше неме­се со­ғыс жағ­дай­ла­рын­да, жап­пай тәр­тіп­сіз­дік­тер ба­ры­сын­да, тер­ро­ризм­ге қар­сы опе­ра­ция жүр­гі­зу ке­зін­де, қа­ру­лы жан­жал жағ­дай­ла­рын­да ІІО-ның қыз­ме­тін ре­гла­мент­тей­тін нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді бі­лу және тү­сі­ну.
    Те­сті­ле­уден өту.
    8
    Кә­сі­би әдеп­ті­лік және ІІО-ның кор­по­ра­тив­тік мә­де­ни­е­тін ұста­у­шы­лық
    «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ші­ле­рі­нің әдеп­ті­лік нор­ма­ла­рын және мі­нез-құлық қа­ғи­да­ла­рын одан әрі же­тіл­ді­ру жө­нін­де­гі ша­ра­лар ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің 2015 жы­л­ғы 29 жел­тоқ­сан­да­ғы № 153 Жар­лы­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ші­ле­рі­нің әдеп ко­дек­сі­нің (бұ­дан әрі - Әдеп ко­дек­сі) нор­ма­ла­рын бі­лу және тү­сі­ну.
    Бай­сал­ды­лық, әдеп­ті­лік және Әдеп ко­дек­сі­нің бас­қа да та­лап­та­рын көр­се­ту қа­бі­ле­ті.
    ІІО қыз­мет­тік эти­ка­сы­ның, құ­пи­я­лы­лық ре­жи­мі­нің және ими­дж­дік са­я­са­ты­ның та­лап­та­рын сақ­тай оты­рып, ха­лық өкіл­де­рі­мен (ар­найы кон­тин­гент­пен) жал­пы және ар­найы қыз­мет­тік мә­се­ле­лер бой­ын­ша ауыз­ша бай­ла­ны­ста бо­лу (әң­гі­ме­ле­су) қа­бі­ле­ті.
    Те­сті­ле­уден өту.
    Осы көр­сет­кіш­ке сәй­кест­і­гін ба­ға­лау пси­хо­фи­зио­ло­ги­я­лық ку­әлан­ды­ру және си­паттай­тын ма­те­ри­ал­дар негі­зін­де жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. 
    Жұрт­шы­лық өкі­лі­нің (ар­найы кон­тин­гент­тің) мі­нез-құл­қын көр­се­те­тін ла­у­а­зым­ды адам­ның сұ­рақ­та­ры­на жа­у­ап бе­ру.
    Жал­пы ба­ға: сан­дық және пай­ы­здық мән­де

    Қазақстан Республикасы

    ішкі істер органдарына қызметке

    кандидаттардың кәсіптік құзыреттерін,

    негізгі көрсеткіштерін айқындау

    және бәсекеге қабілеттілік

    көрсеткішін (цифрлық рейтингін)

    есептеу қағидалары мен әдістеріне

    3-қосымша

    нысан

    Бекітемін

    ____________________________

    (ІІО-ға қызметке кандидат

    орналасатын ішкі істер органы

    басшысының лауазымы, атағы,

    Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

    ____________________________

    20___жылғы «___»__________

    ______________

    (күні) (қолы)

    Ішкі істер органдарына қызметке кандидаттың бәсекеге қабілеттілігін бағалау парағы ____________________________________________________________________________ (ІІО-ға қызметке кандидат орналасатын лауазымы, атағы, Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

    Бі­лім дең­гейі k1
    Бі­лі­мі ту­ра­лы құ­жа­ты бой­ын­ша
    ор­та­ша ба­ға­сы k2
    Әс­ке­ри қыз­мет өті­лі k3
    1
    2
    3
    ор­та бі­лі­мі
    ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лі­мі
    жо­ға­ры бі­лі­мі
    жо­ға­ры бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лі­мі
    қа­на­ғат­та­нар­лық
    жақ­сы
    өте жақ­сы
    мер­зім­ді әс­ке­ри қыз­мет­ке ша­қы­ру­дан боса­ты­луы неме­се кей­ін­ге қал­ды­ры­луы
    əске­ри тех­ни­ка­лық жəне өзге де әс­ке­ри ма­ман­дық­тар бой­ын­ша да­яр­лық­тан өтуі
    мер­зім­ді қыз­мет­ті өт­ке­руі
    За­пас­та­ғы офи­цер­лер бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша аза­мат­тар­дың әс­ке­ри да­яр­лы­ғы
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    ҮМ
    ҮМ
    ҮМ
    ҮМ
    ҮМ
    ҮМ
    ҮМ
    ҮМ
    ҮМ
    ҮМ
    ҮМ
    Кестенің жалғасы
    Те­сті­леу нәти­же­сі бой­ын­ша дұ­рыс жа­у­ап­та­ры­ның ор­та­ша са­ны k4
    Же­ке қа­си­ет­те­рін ба­ға­лау нәти­же­ле­рі k5
    4
    5
    5-тен 8-ге дей­ін
    9-дан 12-ге дей­ін
    13 және одан жо­ға­ры
    ба­ста­ма­шы­лық
    ком­му­ни­ка­тив­ті­лік
    тал­да­ма­лық
    ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық
    стра­те­ги­я­лық ой­лау
    көш­бас­шы­лық
    әдеп­ті­лік
    са­па­ға бағ­дар­ла­ну
    тұ­ты­ну­шы­ға бағ­дар­ла­ну
    жем­қор­лық­қа тө­збеу
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    ҮМ
    ҮМ
    ҮМ
    ҮМ
    ҮМ
    ҮМ
    ҮМ
    ҮМ
    ҮМ
    ҮМ
    ҮМ
    ҮМ
    ҮМ
    Кестенің жалғасы
    Дене шы­нық­ты­ру да­яр­лы­ғы бой­ын­ша нор­ма­тив­тер­ді тап­сы­ру нәти­же­ле­рі бой­ын­ша ба­ға
    k6
    Спорт­тық раз­ря­ды k7
    ІІО қыз­мет­ке кан­ди­дат­тың бә­се­ке­ге қа­бі­лет­ті­лік көр­сет­кі­ші КБ­ҚК
    6
    7
    8
    қа­на­ғат­та­нар­лық
    жақ­сы
    өте жақ­сы
    спорт ше­бер­лі­гіне кан­ди­дат және одан жо­ға­ры
    25
    26
    27
    28
    29
    ҮМ
    ҮМ
    ҮМ
    ҮМ
    Ескертпе: КБҚК – ІІО-ға қызметке кандидаттың бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші (цифрлық рейтингі), k1 – «білім деңгейі» өлшемшарты бойынша ІІО-ға қызметке кандидаттың бәсекеге қабілеттілігінің (цифрлық рейтингісінің) үлестік мәні, k2 – «білімі туралы құжаты бойынша орташа бағасы» өлшемшарты бойынша ІІО-ға қызметке кандидаттың бәсекеге қабілеттілігінің (цифрлық рейтингісінің) үлестік мәні, k3 – «әскери қызмет өтілі» өлшемшарты бойынша ІІО-ға қызметке кандидаттың бәсекеге қабілеттілігінің (цифрлық рейтингісінің) үлестік мәні; k4 – «тестілеу нәтижесі бойынша дұрыс жауаптарының орташа саны» өлшемшарты бойынша ІІО-ға қызметке кандидаттың бәсекеге қабілеттілігінің (цифрлық рейтингісінің) үлестік мәні; k5 – «жеке қасиеттерін бағалау нәтижесі» өлшемшарты бойынша ІІО-ға қызметке кандидаттың бәсекеге қабілеттілігінің (цифрлық рейтингісінің) үлестік мәні; k6 – «дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер тапсыру нәтижелері бойынша баға» өлшемшарты бойынша ІІО-ға қызметке кандидаттың бәсекеге қабілеттілігінің (цифрлық рейтингісінің) үлестік мәні; k7 – «спорттық разряды» өлшемшарты бойынша ІІО-ға қызметке кандидаттың бәсекеге қабілеттілігінің (цифрлық рейтингісінің) үлестік мәні; ҮМ – үлестік мәні.

    Келісілді: Ішкі істер органы бөлінісінің ________ _____________________ кадр қызметінің басшысы (қолы) (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) 20 ___ж. «____» ______________

    Таныстым _________________________________ _____________________________ (бағалауға жататын ІІО қызметке кандидаттың қолы) (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.