«Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 28 наурыз 2025 ж.

    «Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10194 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тізбесінде:

    4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

    «

    4
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Оқу-ағар­ту ми­ни­стр­лі­гі
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Оқу-ағар­ту ми­ни­стр­лі­гі Бі­лім са­ла­сын­да­ғы са­па­ны қам­та­ма­сыз ету ко­ми­те­ті­нің аумақ­тық бө­лім­ше­ле­рі
    Ба­ла­лар­ға қо­сым­ша бі­лім бе­ру са­ла­сын­да­ғы қыз­мет­тің ба­стал­ға­ны неме­се тоқ­та­ты­л­ға­ны ту­ра­лы ха­бар­ла­ма
    ».
    2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
    4. Осы бұйрықтың 1-тармағының төртінші абзацы 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
    «
    4
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Оқу-ағар­ту ми­ни­стр­лі­гі
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Оқу-ағар­ту ми­ни­стр­лі­гі Бі­лім са­ла­сын­да­ғы са­па­ны қам­та­ма­сыз ету ко­ми­те­ті­нің аумақ­тық бө­лім­ше­ле­рі
    Мек­теп­ке дей­ін­гі тәр­бие мен оқы­ту са­ла­сын­да­ғы қыз­мет­тің ба­стал­ға­ны неме­се тоқ­та­ты­л­ға­ны ту­ра­лы ха­бар­ла­ма
    Ба­ла­лар­ға қо­сым­ша бі­лім бе­ру са­ла­сын­да­ғы қыз­мет­тің ба­стал­ға­ны неме­се тоқ­та­ты­л­ға­ны ту­ра­лы ха­бар­ла­ма
    ».
    5. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының төртінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің міндетін атқарушы

    А. Амрин

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Оқу-ағарту министрлігі

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.