Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Құқықтық актілер туралы» заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Күші жойылды деп танылсын:
1) «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасуы туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 46/01 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1945 болып тіркелген);
2) «Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасуы туралы» №46/01 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2023 жылғы 5 мамырдағы № 29/01 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6410-09 болып тіркелген).
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі
Е. Булекпаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.