«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының 2021 жылғы 16 тамыздағы № 7 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 16 тамыздағы № 80 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаОрталық атқарушы органдардың бірлескен актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 19 наурыз 2025 ж.

    «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының 2021 жылғы 16 тамыздағы № 7 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 16 тамыздағы № 80 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫЗ:

    1. «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының 2021 жылғы 16 тамыздағы №7 және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 16 тамыздағы № 80 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24034 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:

    6, 6-1- және 7 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «6. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі жоғары бақылау субъектілеріне:

    бағалы металдар мен тастардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар;

    жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар жатады.

    6-1. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі орташа бақылау субъектілеріне:

    лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар;

    бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлік ұйымдар мен кәсіби бухгалтерлер;

    заң консультанттары - мынадай қызметтерге:

    жылжымайтын мүлiктi сатып алуға-сатуға;

    клиенттің ақшасын, бағалы қағаздарын немесе өзге мүлкін басқаруға;

    банктік шоттарды немесе бағалы қағаздар шоттарын басқаруға;

    компанияны құру, қамтамасыз ету, оның жұмыс істеуі немесе оны басқару үшін қаражат жинақтауға;

    заңды тұлғаларды құруға, сатып алуға-сатуға, олардың жұмыс істеуіне немесе оларды басқаруға қатысты олар клиенттің атынан немесе оның тапсырмасы бойынша ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларға қатысатын кездегі жағдайларда;

    бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар жатады.

    7. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі төмен бақылау субъектілеріне, заң мәселелері жөніндегі тәуелсіз мамандар жатады - мынадай қызметтерге:

    жылжымайтын мүлiктi сатып алуға-сатуға;

    клиенттің ақшасын, бағалы қағаздарын немесе өзге мүлкін басқаруға;

    банктік шоттарды немесе бағалы қағаздар шоттарын басқаруға;

    компанияны құру, қамтамасыз ету, оның жұмыс істеуі немесе оны басқару үшін қаражат жинақтауға;

    заңды тұлғаларды құруға, сатып алуға-сатуға, олардың жұмыс істеуіне немесе оларды басқаруға қатысты олар клиенттің атынан немесе оның тапсырмасы бойынша ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларға қатысатын кездегі жағдайларда.»;

    12-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

    «4) мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері».

    Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 1-қосымшада мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 13-жолмен толықтырылсын:

    «

    13
    Қар­жы­лық мо­ни­то­ринг­ке жа­та­тын кү­дік­ті опе­ра­ци­я­лар ту­ра­лы ақ­па­рат бе­ру
    өрес­кел
    »;
    Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 2-қосымшада 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
    «
    1
    Қар­жы­лық мо­ни­то­ринг­ке жа­та­тын ақ­ша­мен және (неме­се) мү­лік­пен жа­са­ла­тын опе­ра­ци­я­лар ту­ра­лы ақ­па­рат бе­ру (шек­ті со­ма­ға тең неме­се одан аса­тын опе­ра­ция)
    Өл­шем­шар­ттар­дың 12-тар­ма­ғы­ның 1) тар­мақ­ша­сы (ба­қы­лау және қа­да­ға­лау субъ­ек­ті­сі ұсы­на­тын есеп­ті­лік пен мә­лі­мет­тер мо­ни­то­рин­гі­нің нәти­же­ле­рі) (БАТЖ, ЭШФ АЖ, Сот­қа дей­ін­гі тер­геп-тек­се­ру­лер­дің бі­рың­ғай ті­зі­лі­мі) Өл­шем­шар­ттар­дың 12-тар­ма­ғы­ның 4) тар­мақ­ша­сы мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұй­ым­дар ұсы­на­тын мә­лі­мет­тер­ді тал­дау нәти­же­ле­рі
    Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сіне ба­ру ар­қы­лы про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­ла­у­ға шы­ғу
    Бо­луы
    Бол­мауы
    0%
    100%
    »;
    мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8-жолмен толықтырылсын:
    «
    8
    Қар­жы­лық мо­ни­то­ринг­ке жа­та­тын кү­дік­ті опе­ра­ци­я­лар ту­ра­лы ақ­па­рат бе­ру
    Өл­шем­шар­ттар­дың 12-тар­ма­ғы­ның 1) тар­мақ­ша­сы (ба­қы­лау және қа­да­ға­лау субъ­ек­ті­сі ұсы­на­тын есеп­ті­лік пен мә­лі­мет­тер мо­ни­то­рин­гі­нің нәти­же­ле­рі) (БАТЖ, ЭШФ АЖ, Сот­қа дей­ін­гі тер­геп-тек­се­ру­лер­дің бі­рың­ғай ті­зі­лі­мі) Өл­шем­шар­ттар­дың 12-тар­ма­ғы­ның 4) тар­мақ­ша­сы мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұй­ым­дар ұсы­на­тын мә­лі­мет­тер­ді тал­дау нәти­же­ле­рі
    Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сіне ба­ру ар­қы­лы про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­ла­у­ға шы­ғу
    Бо­луы
    Бол­мауы
    0%
    100%
    »;
    2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қаржылық мониторинг субъектілерімен жұмыс департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
    1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
    2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
    3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасарына және жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
    4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі

    __________С. Жумангарин

    Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы

    __________Ж. Элиманов

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Републикасы

    Бас прокуратурасының Құқықтық

    статистика және арнайы есепке

    алу жөніндегі комитеті

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.