Талдықорған қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы «Талдықорған қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» № 18-107 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 наурыз 2025 ж.

    Талдықорған қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы «Талдықорған қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» № 18-107 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Талдықорған қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы «Талдықорған қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» № 18-107 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 195151 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген шешіммен бекітілген Талдықорған қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:

    8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «8. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкімет» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.»

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Талдықорған қалалық мәслихатының төрағасы

    Т. Ахажан

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.