Алматы облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды және өсімдіктер дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін (түбiрiмен босатылатын сүрек үшiн белгiленетiн мөлшерлемелерді қоспағанда) бекіту туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 20 наурыз 2025 ж.

    Алматы облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды және өсімдіктер дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін (түбiрiмен босатылатын сүрек үшiн белгiленетiн мөлшерлемелерді қоспағанда) бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 14-бабының 2) тармақшасына, 31 және 88-баптарына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 587-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 5-тармағына, «Өсімдіктер дүниесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2018 жылғы 13 қыркүйектегі № 383 «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеудің әдістемелік нұсқаулықтарын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17560 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Бекітілсін:

    1) 1-қосымшаға сәйкес Алматы облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шайыр, ағаш шырындарын дайындауға арналған төлемақы мөлшерлемелері;

    2) 2-қосымшаға сәйкес Алматы облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қосалқы сүрек ресурстарын дайындауға арналған төлемақы мөлшерлемелері;

    3) 3-қосымшаға сәйкес Алматы облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде жанама орман пайдалануға арналған төлемақы мөлшерлемелері;

    4) 4-қосымшаға сәйкес Алматы облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының қажеті үшін пайдалануға арналған төлемақы мөлшерлемелері;

    5) 5-қосымшаға сәйкес Алматы облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаты үшін пайдалануға арналған төлемақы мөлшерлемелері;

    6) 6-қосымшаға сәйкес Алматы облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерін сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттағы мақсаттар үшін пайдалануға арналған төлемақы мөлшерлемелері;

    7) 7-қосымшаға сәйкес Алматы облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерін ағаш және бұта тұқымдарының отырғызу материалдары мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін төлемақы ставкалары.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына жүктелсін.

    3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Алматы облыстық мәслихатының төрағасы

    Қ. Байғоджаев

    Алматы облыстық мәслихатының

    2025 жылғы 20 наурыздағы

    № 35-189 шешіміне 1-қосымша

    Алматы облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шайыр, ағаш шырындарын дайындауға арналған төлемақы мөлшерлемелері

    Атауы
    Өлшем бiрлiгi
    Айлық есептік көрсеткіш
    1
    Шайыр дайындау
    центнер
    0,79
    гектар
    1,79
    2
    Ағаш шырындарын дайындау
    центнер
    0,59
    гектар
    0,89

    Алматы облыстық мәслихатының

    2025 жылғы 20 наурыздағы

    № 35-189 шешіміне 2-қосымша

    Алматы облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қосалқы сүрек ресурстарын дайындауға арналған төлемақы мөлшерлемелері

    р/с
    Ата­уы
    Қа­бық, тон­на­ға ай­лық есеп­тік көр­сет­кі­шпен
    Бұ­тақ­тар, тон­на­ға ай­лық есеп­тік көр­сет­кі­шпен
    Түбiр­лер, тон­на­ға ай­лық есеп­тік көр­сет­кі­шпен
    Та­мыр­лар, тон­на­ға ай­лық есеп­тік көр­сет­кі­шпен
    Жа­пы­рақ­тар, тон­на­ға ай­лық есеп­тік көр­сет­кі­шпен
    Бүр­шiк­тер, ки­ло­грамм­ға ай­лық есеп­тік көр­сет­кі­шпен
    1
    Қа­ра­ғай
    0,021
    0,042
    0,0105
    0,063
    0,0315
    0,021
    2
    Шренк шыр­ша­сы
    0,027
    0,054
    0,0135
    0,081
    0,0405
    0,027
    3
    Сі­бір шыр­ша­сы, май­қа­ра­ғай
    0,016
    0,032
    0,008
    0,048
    0,024
    0,016
    4
    Бал­қа­ра­ғай
    0,015
    0,03
    0,0075
    0,045
    0,0225
    0,015
    5
    Са­мыр­сын
    0,023
    0,046
    0,0115
    0,069
    0,0345
    0,023
    6
    Ағаш тек­тес ар­ша
    0,027
    0,054
    0,0135
    0,081
    0,0405
    0,027
    7
    Емен, ша­ған
    0,041
    0,082
    0,0205
    0,123
    0,0615
    0,041
    8
    Қа­ра қанды­ғаш, үй­ең­кі, ше­гір­шін, жө­ке
    0,014
    0,028
    0,007
    0,042
    0,021
    0,014
    9
    Сек­се­уіл
    0,12
    0,03
    0,18
    0,09
    0,06
    10
    Қай­ың
    0,016
    0,032
    0,008
    0,048
    0,024
    0,016
    11
    Көк­те­рек, ағаш тек­тес тал, те­рек
    0,011
    0,022
    0,0055
    0,033
    0,0165
    0,011
    12
    Грек жаң­ға­ғы, пі­сте
    0,035
    0,07
    0,0175
    0,105
    0,0525
    0,035
    13
    Өрік, ақ қа­ра­ған, ал­ша, до­ла­на, шие, жи­де, ше­тен, ал­хо­ры, мой­ыл, тұт аға­шы, ал­ма аға­шы, өзге де ағаш тұқым­дастар
    0,023
    0,046
    0,0115
    0,069
    0,0345
    0,023
    14
    Ар­ша, са­мыр­сын өс­кі­ні
    0,018
    0,036
    0,009
    0,054
    0,027
    0,018
    15
    Жың­ғыл
    0,025
    0,05
    0,0125
    0,075
    0,0375
    0,025
    16
    Са­ры қа­ра­ған, бұ­та тек­тес тал­дар, шыр­ға­нақ, жүз­гін, шең­гел және өзге де бұ­та­лар
    0,012
    0,024
    0,006
    0,036
    0,018
    0,012

    Алматы облыстық мәслихатының

    2025 жылғы 20 наурыздағы

    № 35-189 шешіміне 3-қосымша

    Алматы облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде жанама орман пайдалануға арналған төлемақы мөлшерлемелері

    Атауы
    Өлшем
    бiрлiгi
    Айлық есептік көрсеткіш
    1
    Шабындық жерлер сапалық жай-күйі бойынша:
    жақсы
    гектар
    0,545
    қанағаттанарлық
    гектар
    0,408
    қанағаттанарлықғысыз
    гектар
    0,318
    2
    Малдың 1 басын жаю үшін төлемақы:
    Таулы табиғи аймақтар
    Жартылай шөлейт және шөлейт табиғи аймақтар
    түйе
    бас
    0,32
    0,28
    ірі қара мал
    бас
    0,25
    0,22
    жылқы
    бас
    0,25
    0,22
    ірі қара төлі
    бас
    0,13
    0,11
    есек
    бас
    0,13
    0,11
    ешкі
    бас
    0,22
    0,20
    қой
    бас
    0,06
    0,05
    3
    Марал және аң шаруашылығы
    гектар
    0,93
    4
    Ара ұяларын орналастыру
    дана
    0,45
    5
    Көкөніс өсіру, бақша дақылдарын өсіру және өзге ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру
    гектар
    "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 508-бабына сәйкес жер салығы деңгейінде белгіленді
    6
    Дайындау және жинау:
    қамыс
    килограмм
    0,003
    ши
    килограмм
    0,0054
    шеңгел
    килограмм
    0,027
    мүк
    килограмм
    0,057
    орман төсеніштері және жерге түскен жапырақтар
    құрастыру текше метр
    0,057
    жабайы тұяқтылардың түскен мүйiздерi
    килограмм
    0,27
    мумие
    килограмм
    0,38
     
    7
    8
    Дәрілік өсімдіктер және техникалық шикізаттар (шөптері, гүлдері, жапырақтары, сабақтары мен өркендері, бүршіктері (жас (шикілей) күйінде):
    Сарыбас шай қурай (шөп)
    килограмм
    0,073
    Кәдімгі адыраспан (шөп)
    килограмм
    0,045
    Кәдімгі киiкшөп (шөп)
    килограмм
    0,073
    Дәрілік түймедақ (гүл )
    килограмм
    0,106
    Мыңжапырақ (шөп, гүл)
    килограмм
    0,048
    Ащы жусан (шөп, жапырағы)
    килограмм
    0,024
    Өгейшөп (гүл, жапырағы)
    килограмм
    0,081
    Түйетiкен (шөп)
    килограмм
    0,065
    Құс таран (шөп)
    килограмм
    0,073
    Бұрыш таран (шөп)
    килограмм
    0,048
    Кәдімгі сарысояу (шөп, тұқымы)
    килограмм
    0,032
    Дәрі түйежоңышқа (шөп)
    килограмм
    0,028
    Көке марал райхан (шөп)
    килограмм
    0,081
    Қосүйлі қалақай (жапырағы)
    килограмм
    0,054
    Түркістан сасық шөбі (шөп)
    килограмм
    0,031
    Үлкен бақажапырақ (жапырағы)
    килограмм
    0,089
    Кәдімгі түймешетен (гүл)
    килограмм
    0,061
    Дала қырықбуын (шөп)
    килограмм
    0,060
    Шөпшәй (шөп)
    килограмм
    0,030
    Үлкен сүйелшөп (жапырағы)
    килограмм
    0,069
    Салаубас (гүл)
    килограмм
    0,146
    Жебіршөп (шөп)
    килограмм
    0,061
    Күреңот (гүл)
    килограмм
    0,117
    Қазтамақ (шөп)
    килограмм
    0,026
    Қалың тұқымды ақмия (шөп)
    килограмм
    0,026
    Пармелия (шөп)
    килограмм
    0,025
    Сүмелек (шөбі)
    килограмм
    0,027
    Атқұлақ (шөп)
    килограмм
    0,027
    Дәрілік бақбақ (шөп)
    килограмм
    0,093
    Жатаған теміртікен (жапырағы)
    килограмм
    0,101
    дәрілік өсімдіктер және техникалық шикізат (тамыры (жас (шикілей) күйінде):
    Бәрпі уқорғасын (тамыры)
    килограмм
    0,053
    Биік қарандыз (тамыры)
    килограмм
    0,062
    Жоңғар уқорғасыны (тамыры)
    килограмм
    0,073
    Түркістан шүйгіншөбі (тамыры)
    килограмм
    0,070
    Дәрілік қандышөп (тамыры)
    килограмм
    0,080
    Шұғынық (тамыры)
    килограмм
    0,074
    Сұңғыла (тамыры)
    килограмм
    0,036
    Қаражеміс (тамыры)
    килограмм
    0,042
    Көкшегүл (тамыры)
    килограмм
    0,036
    Патриния (тамыры)
    килограмм
    0,049
    Қызыл мия (тамыры)
    килограмм
    0,046
    Пияу (тамыры)
    килограмм
    0,080
    Шашақты бозтікен (тамыры)
    килограмм
    0,042
    Дәрілік бақбақ (тамыры)
    килограмм
    0,069
    Тізімде көрсетілмеген басқа өсімдіктердің шөптері, гүлдері, жапырақтары, сабақтары және өскіндері, жемістері және жидектері, бүршіктері, тамырлары үшін (қызылкітаптықтан басқалары)
    килограмм
    0,074
    9
    жемiстер және жидектер (жас (шикілей өсіп тұрған) күйінде):
    алма ерте пiсетiн
    килограмм
    0,056
    алма кеш пiсетiн
    килограмм
    0,073
    алмұрт
    килограмм
    0,078
    шетен
    килограмм
    0,052
    долана
    килограмм
    0,034
    шабдалы
    килограмм
    0,070
    өрiк
    килограмм
    0,065
    мойыл
    килограмм
    0,034
    қара өрiк
    килограмм
    0,043
    жиде
    килограмм
    0,030
    жидектер және жидектер (жас (шикілей өсіп тұрған) күйінде):
    мүк жидегі
    килограмм
    0,048
    таңқурай
    килограмм
    0,149
    сиыр бүлдiрген
    килограмм
    0,149
    қарақат
    килограмм
    0,159
    бүрген
    килограмм
    0,159
    шеңгел
    килограмм
    0,159
    сарыағаш
    килограмм
    0,159
    қой бүлдiрген
    килограмм
    0,140
    сүйек бүлдірген
    килограмм
    0,140
    итмұрын
    килограмм
    0,143
    шырғанақ
    килограмм
    0,143
    тiзiмде көрсетiлмеген басқа жидектер үшiн
    килограмм
    0,138
    Жаңғақтар (жас (шикілей өсіп тұрған) күйінде:
    Грек жаңғағы
    килограмм
    0,056
    Кедр жаңғағы және басқалары (сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген өсімдік түрлерінің тізімдерінен басқа)
    килограмм
    0,040
    Саңырауқұлақтар (жас (шикілей өсіп тұрған) күйінде:
    Саңырауқұлақтар (сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген өсімдік түрлерінің тізімдерінен басқа)
    килограмм
    0,073

    Алматы облыстық мәслихатының

    2025 жылғы 20 наурыздағы

    № 35-189 шешіміне 4-қосымша

    Алматы облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының қажеті үшін пайдалануға арналған төлемақы мөлшерлемелері

    Атаулары
    Өлшем бiрлiгi
    Айлық есептік көрсеткіш
    1
    Мемлекеттiк орман қоры участкелерін аңшылық шаруашылығының қажетi үшін пайдалану
    гектар
    0,488
    Ескерту:
    Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман қоры аңшылық шаруашылығының мұқтаждары үшін Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт негізінде ұзақ мерзімді орман пайдалануға беріледі, мемлекеттік орман иеленуші мен орман пайдаланушы арасындағы шартты кейіннен ресімдей отырып (Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 100-бабының 4-бөлігіне сәйкес және 31-бабының 1-1-бөлігі).
    Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі жануарлар дүниесін, оның ішінде аңшылық шаруашылығының мұқтаждары үшін пайдалану тәртібін уәкілетті орган айқындайды (Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 100-бабының 5-бөлігі).

    Алматы облыстық мәслихатының

    2025 жылғы 20 наурыздағы

    №35-189 шешіміне 5-қосымша

    Алматы облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаты үшін пайдалануға арналған төлемақы мөлшерлемелері

    1-кесте

    Атауы
    Өлшем бiрлiгi
    Айлық есептік көрсеткіш
    1
    Мемлекеттiк орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаты үшін қысқа мерзiмдi орман пайдалану
    (1 жылға және 1 жылдан 10 жылға дейін)
    болған әрбір күн үшін
    0,1
    2-кесте
    Атауы
    Өлшем бiрлiгi
    Айлық есептік көрсеткіш
    1
    Мемлекеттiк орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаты үшін ұзақ мерзiмдi орман пайдалану
    (10 жылдан 49 жылға дейін)
    гектар
    0,224

    Алматы облыстық мәслихатының

    2025 жылғы 20 наурыздағы

    №35-189 шешіміне 6-қосымша

    Алматы облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерін сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттағы мақсаттар үшін пайдалануға арналған төлемақы мөлшерлемелері

    1-кесте

    Атауы
    Өлшем бiрлiгi
    Айлық есептік көрсеткіш
    1
    Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, мәдени-тарихи, туристiк және спорттық мақсаттар үшін пайдалану
    (1 жылға және 1 жылдан 10 жылға дейін)
    болған әрбір күн үшін
    0,2
    2-кесте
    Атауы
    Өлшем бiрлiгi
    Айлық есептік көрсеткіш
    2
    Мемлекеттiк орман қоры учаскелерін рекреациялық, мәдени-тарихи, туристiк және спорттық мақсаттар үшін пайдалану
    (10 жылдан 49 жылға дейін)
    гектар
    0,922

    Алматы облыстық мәслихатының

    2025 жылғы 20 наурыздағы

    № 35-189 шешіміне 7-қосымша

    Алматы облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерін ағаш және бұта тұқымдарының отырғызу материалдары мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін пайдалану төлемақы мөлшерлемелері

    Атауы
    Өлшем бiрлiгi
    Теңге
    1
    Ағаш және бұта түрлерінің және арнайы мақсаттағы плантациялардың өсіру материалы (ұзақ мерзімге пайдалану 10 жылдан 49 жылға дейін)
    гектар
    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2018 жылғы 13 қыркүйектегі №383 бұйрығының 1-тарауының 10-тармағына сәйкес нөлдік төлемақы мөлшерлемелері белгіленді

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.