Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 2 наурыздағы № 87 «Карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 2 наурыздағы № 87 «Карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қостанай облысы әкімдігінің «Карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы» 2020 жылғы 2 наурыздағы № 87 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9001 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

    2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Облыс әкімі

    Қ. Ақсақалов

    Қостанай

    облысы әкімдігінің

    2025 жылғы 28 наурыздағы

    № 76 қаулысына

    қосымша

    Қостанай

    облысы әкімдігінің

    2020 жылғы 2 наурыздағы

    № 87 қаулысына

    қосымша

    Костанай облысының аумағында карантиндік режим енгізілетін карантиндік аймақ

    Аудандар мен қаланың атауы
    Залалдану алаңы (гектар)
    Өңдеу алаңы (гектар)
    1
    Алтынсарин
    43 206
    790,27
    2
    Амангелді
    9 655
    345,652
    3
    Арқалық қаласы
    65 106
    447,4307
    4
    Әулиекөл
    51 459
    146,792
    5
    Бейімбет Майлин
    23 802
    673,862
    6
    Денисов
    68 429
    166,893
    7
    Жангелдин
    360
    149,3072
    8
    Жітіқара
    16 260
    35,4844
    9
    Қамысты
    6 617
    26,9
    10
    Қарабалық
    13 349
    201,5233
    11
    Қарасу
    131 452,2
    589,6014
    12
    Қостанай
    38 604
    405,0674
    13
    Меңдіқара
    26 781
    63,61
    14
    Науырзым
    24 671,795
    738,5653
    15
    Сарыкөл
    44 567
    100,277
    16
    Ұзынкөл
    30 220
    151,4946
    17
    Федоров
    45 662
    590,17
    Облыс бойынша барлығы
    640 200,995
    5622,9003

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.